» » "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау"

 
 
 

"Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау"

Автор: admin от 10-03-2023, 12:49, посмотрело: 116

0
«Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау мақсатында Кеген ауданы прокурорының орынбасары  Алтынбеков Рауан Серікқалиұлымен, С. Серкебаев мектеп – гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абжанбаев Қызыр Байболаұлы, спорт әдіскері  Қолқанбаев Досым, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп – лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дикамбаева Базаркул Ажмукановна және мектеп –лицей психологы Мөлдір Омаровамен  9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың  құқықтық білімдерін  артыра отырып  заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырылды. Тақырыпқа сай оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау болды. Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері жастарды қылмысқа итермелейтін жайттарға жекелей тоқталып,  видио көрсетіліп  және психологиялық тренинг жүргізілді. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағұлмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы..






Категория: , ,

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.