» Материалы за Март 2023 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау"

Автор: admin от 10-03-2023, 12:49, посмотрело: 115

0
«Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау мақсатында Кеген ауданы прокурорының орынбасары  Алтынбеков Рауан Серікқалиұлымен, С. Серкебаев мектеп – гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абжанбаев Қызыр Байболаұлы, спорт әдіскері  Қолқанбаев Досым, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп – лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дикамбаева Базаркул Ажмукановна және мектеп –лицей психологы Мөлдір Омаровамен  9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың  құқықтық білімдерін  артыра отырып  заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырылды. Тақырыпқа сай оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау болды. Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері жастарды қылмысқа итермелейтін жайттарға жекелей тоқталып,  видио көрсетіліп  және психологиялық тренинг жүргізілді. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағұлмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы..







Категория: , ,

 

"Пәннің ерекшелігіне байланысты тілдік дағдыларды тиімді пайдалану жолдары"

Автор: admin от 2-03-2023, 11:55, посмотрело: 148

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп - лицейінде Кеген аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Толымбекова және мектептің әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңабатыровалардың басшылығымен "Пәннің ерекшелігіне байланысты тілдік дағдыларды тиімді пайдалану жолдары" тақырыбында магниттік мектептер бас қосқан аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Бестөбе, Талды және Ө.Жаңабаев мектебінің ұстаздары қатысты... Бағдарламаға сәйкес мектептің "Ұлағат" мұғалімдердің шығармашылық бірлестігінің ұстаздары мектеп файесінде семинардың ашылуын жасап,  4 ашық сабақ пен коучинг- сабақ өткізді. 4 ашық сабақ әр түрлі пәннен бастауыш сынып мұғалімі С.Салимжанова 1- сыныппен, қазақ әдебиетінен Қ. Алимбаева 6- сыныппен, математика пәнінен А.Муслимова 5-сыныппен және химия пәнінен Т.Мергенбаева 9-сыныппен ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтар өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Мұғалімдермен семинар тақырыбы бойынша І.Қуанышбекқызы коучинг- сабақ өткізді. Аталған шараға қатысқан әріптестер өте жақсы кері байланыстар берді.






Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы,

 

«Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық»

Автор: admin от 1-03-2023, 15:25, посмотрело: 108

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық» атты кеш өткізілді. Мерекенің басты мақсатының бірі: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз екендігін дәріптей отырып бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болды. Кеш қонақтары аудандық аналар кеңесінің төрайымы Көнеева Бақыткүл Демежанқызы, Кеген селолық округінің аналар кеңесінің төрайымы Сатаева Ғалия Шаймшиденқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Умирсейтова Роза Ахметқызы қатысып өз баяндамаларымен таныстырып мектеп ұжымы мен оқушыларға және ата – аналарға алғыстарын білдірді. Мектеп – лицей директоры Жазира Еділқызы құттықтау сөз сөйлей отырып, «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» атты мектеп-лицей оқушылары арасында өткізілген эссе байқауының жеңімпазы Ыдырысқызы Айшаны марапаттады.  



Категория: , ,