» Материалы за Февраль 2024 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Сапаға жол-сапалы білім беру"

Автор: admin от 20-02-2024, 21:36, посмотрело: 52

0 "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 ақпан 2024 жылы "Сапаға жол-сапалы білім беру" жобасының аясында Білімдегі олқылығы және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары, әдістері"тақырында мектепішілік семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Білім алушылардың білім сапасын арттыру. Семинар барысында мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Абдилбаева, биология пәнінің мұғалімі Г. Асыранкулова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Ахметова, бастауыш сыныптар мұғалімі С.Салимжанова, химия пәнінің мұғалімі Т. Мергенбаева, математика пәнінің мұғалімі А. Мусилимова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері І. Қуанышбекқызы мен А. Орынбай өз іс-тәжерибелерімен бөлісті.

Категория: Жаңалық,

 

" Бейнесабақты қалай құруға болады?"

Автор: admin от 15-02-2024, 21:49, посмотрело: 21

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде оқу- тәрбие жоспарына сәйкес "Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері" деген тақырыппен әдістемелік орынбасар Г.Жанабатырова әдістемелік кеңес өткізді.Кеңесте " Бейнесабақты қалай құруға болады?", оқу мақсатынан сабақ мақсатының шығуы, оқу сауаттылығын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер бойынша шығармашылық топ мүшелері Т.Мергенбаева, А.Сарсенбаева,Ә.Байдулатова, Қ.Әлімбаева,Б.Дикамбаева, С.Салимжановалар жұмыстарын көрсетсе, инклюзивті оқытуда оқушылармен жүргізетін жұмыстары бойынша логопед, дефектолог, педагог -ассисенттер Г.Айтақынова, А.Сутеева, А.Бахарбектер өз ойларымен бөлісті.  

Категория: Жаңалық, Мұғалімдер шығармашылығы,

 

"Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері"

Автор: admin от 15-02-2024, 21:30, посмотрело: 28

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде оқу- тәрбие жоспарына сәйкес "Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері" деген тақырыппен әдістемелік орынбасар Г.Жанабатырова әдістемелік кеңес өткізді.Кеңесте " Бейнесабақты қалай құруға болады?", оқу мақсатынан сабақ мақсатының шығуы, оқу сауаттылығын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер бойынша шығармашылық топ мүшелері Т.Мергенбаева, А.Сарсенбаева,Ә.Байдулатова, Қ.Әлімбаева,Б.Дикамбаева, С.Салимжановалар жұмыстарын көрсетсе, инклюзивті оқытуда оқушылармен жүргізетін жұмыстары бойынша логопед, дефектолог, педагог -ассисенттер Г.Айтақынова, А.Сутеева, А.Бахарбектер өз ойларымен бөлісті.

Категория: Жаңалық, Мұғалімдер шығармашылығы,

 

"Ата- аналарды қолдау" сабақтары

Автор: admin от 12-02-2024, 21:52, посмотрело: 30

0 "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп —лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ата- аналарды қолдау" сабақтары өткізілді. Мектеп-психологтары М.Омарова мен М.Әбішова "Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу- өзін көрсетудің  кілті" тақырыбында психологиялық сабақ өткізді. Мақсаты: Ата- аналарға темперамент туралы түсінік беру және өз темпераментіне қарай баланы дамытуға үйрету. 1-4 сынып ата- аналарының арасында " Әр  баланың ерекшелігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті" тақырыбында баяндама оқылды. 5-8 сынып ата- аналарының арасында "Мүшел жас.Жасөспірімнің жастық дағдарыстарды, олардың көріністерінен шығу жолдары" туралы ата- аналарға баяндама оқып ойын- жаттығуларын жүргізді . 9-11 сынып ата-аналары "Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады?"; "Бойыңдағы бейімділікті дәл табу- өмірдегі бақыт пен табыстың негізі" тақырыптарында  тренингтер өткізіп,ата- аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Категория: Жаңалық, ,

 

"Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық жәрмеңкесі

Автор: admin от 12-02-2024, 21:41, посмотрело: 15

0 " Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен Түменбай бастауыш мектебімен "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023- 2024 оқу жылында 8-9 ақпан күндері "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Мақсаты:Мейірімділік ұғымдарын кеңейту, оқушыларға бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауды қолға алу.
Әлеуметтік педагог Ж.Нұрдаулет

Категория: Жаңалық, ,

 

5-8,10 сыныптарға аралық аттестаттауға байланысты оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдилбаева және қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жиналыс болып өтті.

Автор: admin от 6-02-2024, 22:01, посмотрело: 11

0 "К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп —лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023—2024 оқу жылының 6 ақпан күні 5-8,10 сыныптарға аралық аттестаттауға байланысты оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдилбаева және қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жиналыс болып өтті.
Жиналыста аралық аттестаттаудың өту құрылымымен таныстырып,талдау жұмыстары жасалды.

Категория: Жаңалық,

 

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Автор: admin от 1-02-2024, 21:45, посмотрело: 12

0  БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

? Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

?‍? Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен  тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді. 

? Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

? Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі  тамыздың 25-і  аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында  оқуын кедергісіз жалғастыра алады.

Категория: Жаңалық