Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 24-04-2017, 11:26, посмотрело: 1116

1 Райымбек ауданы білім бөлімі «№3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі де өз жұмысын осы мақсаттарға сәйкес ұйымдастырып отыр. Өз тарихының бастауын 1987 жылдан алған мектепте бүгінгі күнде 459 оқушы дәріс алады. Олардың толыққанды білім алуы үшін 65 мұғалім мен 32 қосалқы қызметкер ерінбей еңбек етеді. Оқушылардың жан-жақты, жоғары да сапалы білім алуы үшін мектепте қажетті жағдайлар жасалған. Барлық сынып бөлмелеріне заманауи техникалар орналастырылып, информатика, мультимедия, биология, химия,физика сияқты арнайы пән кабинеттері жабдықталған. Мектеп оқушыларының білімін тереңдету мақсатында қосымша сабақтар, үйірме және факультатив жұмыстары ұйымдастырылған. Оқушылардың ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға, әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп өз білімдерін тұрақты жетілдіріп отыруы үшін мектеп интернет жүйесімен жабдықталып, «e-learning» электронды оқыту жүйесіне қосылған. Мектеп оқушыларының барлығы тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында спорт секциялары мен денсаулық топтары құрылған. Мектепте оқитын 459 оқушының 240 әлеуметтік санатқа жататын балалар. Аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымы мен қорғаншылық-қамқоршылық комитеті оларды ерекше қамқорлыққа алып, ыстық тамақ және киім – кешекпен қамтамасыз етіп, сауықтандыратын демалыс орындарына жіберіп отырады.
Мектепте оқушы еңбегін іскерлікпен ұйымдастыра алатын, білім алушыны белсенді іс әрекетке үйрететін, белгілі бір білім жиынтығын бере алатын 65 мұғалім дәріс береді. Мұғалімдердің 57 жоғарғы білімді. Кәсіби деңгейіне қарай педагогикалық кадрлар 10 - жоғарғы, 24 - бірінші, 12 - екінші санатты мұғалімдер. Еңбек өтілі мен жас ерекшелігі жағынан орта буын өкілдерінің пайыздық өлшемі жоғары.Мектеп ұжымы «Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін арттыру арқылы, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру» деген өзекті мәселені басшылыққа алған.Мұғалімдер оқушылардың қабілетін анықтап, оны дамыту жолында еңбек етуде.

Категория: Мектеп тарихы