» » «Ұлағат» шығармашылық тобының 2021-2022 оқу жылында жүргізген жұмыстары

 
 
 

«Ұлағат» шығармашылық тобының 2021-2022 оқу жылында жүргізген жұмыстары

Автор: admin от 28-06-2022, 16:52, посмотрело: 179

0

Шығармашылық- ұстаздың  басты  қаруы  екені  белгілі.  Осы мақсатта мұғалімдерге әдістемелік көмек беру үшін құрылған «Ұлағат» шығармашылық тобы құрылды.  Мектептің әдістемелік істері жөніндегі  орынбасары Г.Жаңабатырова топ мүшелерінің құрамы  бекітілген мектеп директорының бұйрығымен таныстырды. Шығармашылық топқа А.Кокимбаева- орыс тілі пәнінің мұғалімі, Ә.Байдулатова- бастауыш сынып мұғалімі, А.Ұнасбаева- математика  пәнінің  мұғалімі, А.Сарсенбаева- физика  пәнінің мұғалімі, Б.Дикамбаева- биология пәнінің  мұғалімі, С.Салимжанова- бастауыш сынып мұғалімі, А.Шыңғысов- тарих пәнінің мұғалімі, топ жетекшісі І.Қуанышбекқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Топтың   алғашқы отырысында 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарын таныстырылды. Топ жетекшісі 2021-2022 оқу жылына жоспарланған жұмыстарды таныстырды.


Жоспар  бойынша жас мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді. «"LеssonStudy"  жүргізудің білім сапасын арттырудағы  рөлі қандай?.»  тақырыбында мектепте 10 ә сыныбымен "LеssonStudy"  сабақты зерттеу әдісі қазақ әдебиеті сабағынан жүргізілді. Сабақты  зерттеу  тобы құрылып аталған сыныпты 3 топқа бөліп  зерделенді. "LеssonStudy"  дің 2 циклы өткізілді. Енді 3 цикл және қорытынды жасалуы керек. 

Күзгі каникул кезінде  ынтымақтастық  атмосферасын  орнату арқылы  бірлескен  іс-әрекетті  тиімді  ұйымдастыруға  бағытталған   магниттік  мектептер іс-шара  жоспары  аудан  көлемінде  жүзеге  асырылды.  Іс-шара   мазмұнына   сәйкес 01.11-08.11 аралығындағы  күзгі  каникул кезінде  мектебімізге  тиесілі магниттік мектептермен «Каникулдық мектеп»   іс-шара  жоспары   жасалып,   мектеп  директорымен  бекітілді. Магниттік  мектептерге  Бестөбе, Талды, Ниязбеков  және Қарқара  мектептері кіреді.  Каникулдық мектеп  іс-шара  жоспары  бойынша мектептің  шығармашылық тобымен 01.11.2021ж   іс-шара  жоспарын талқылау  отырысын  өткіздік. Магниттік  мектептермен  де 02.11.2021ж күні ZOOM платформасында  отырыс  өткізілді.  Отырыс барысында  жаңадан  қатарымызға  қосылған  мектептерге  жылдық  жұмыс  жоспары  мен  былтырғы   оқу  жылында  атқарылған  жұмыстар туралы  мәліметтер  берілді.  Жаңа қосылған  Ниязбеков  және   Талды  мектептері ұстаздарынан  сауалнама  алынып, қажеттілік  деңгейі  анықталды.  Мұғалімдермен  жылдық  жоспарға  байланысты  талқылау  жұмыстары  жүргізілді. Айтылған  ұсыныстарды  ескере  отырып жоспарға  бірқатар  толықтырулар  енгізілді. Талды  мектебінің  ұстаздары  әдістемелік  күн  өткізу  туралы  ұсыныстар айтты. 


03.11.2021ж магниттік  мектеп  ұстаздарының  толық  қатысуымен «Сабақтағы  әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың  білім сапасындағы олқылықтарды жоюдағы  рөлі.»  тақырыбында шығармашылық  топ  мүшелері  І.Қуанышбекқызы,  А.Кокимбаева, А.Сарсенбаевалар  вебинар   өткізді.  Вебинар  барысында  жаңа  белсенді  әдіс-тәсілдер  көрсетілді. Бұл әдіс- тәсілдердің сабақ  барысында  пайдаланудың  тиімділігі  талқыланды.  Себебі, сабақ- оқытуды  ұйымдастырудың  ең  негізгі  формасы  болып  табылатыны  сөзсіз. Мұғалімдер  вебинар  барысында  практикалық  жұмыстар  атқарып,  әдістердің   тиімділігіне  өздері  көз  жеткізді. 

04.11.2021ж күні «Білім  сапасындағы олқылықтарды анықтау және  оны  жою  жолдары»  тақырыбында вебинар  өткізілді. Вебинар  барысында математика, бастауыш сынып, тарих пәндері  бойынша  білімдегі   олқылықты  анықтау  және  жұмыс  істеу  жолдары  туралы әс-тәжірибесімен  бөлісті. Білімдегі  олқылық - күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе  болғандықтан вебинардың  маңыздылығы  жоғары  болды.  

Оқушылардың   үлгерім  деңгейіне байланысты  бастауыш  сыныптағы, математика   пәнінен,  тарих  пәнінен  оқушылармен  жүргізілетін   әдіс-тәсілдердің  тиімділігі талқыланды. 

Аталған  іс-шараның мұғалімдер  шығармашылығын  шыңдаудағы   рөлі  өте  маңызды болды. Каникул  жағдайында  да әріптестердің  өзара  бірлескен  оқудағы  жетістікке ұмтылуы  көңіл  қуантарлық  жағдай.. 

Магниттік мектептермен жұмыстың іс-шара жоспарына  сәйкес Талды  орта мектебінде 2021 жыл  желтоқсан айының 9 жұлдызында Әдістемелік  күн өткізілді. Бағдарламаның  мазмұнына сәйкес мектеп директорының әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңабатырова ашылуын жасады. Бағдарлама мазмұнына сәйкес ашық сабақтар мен мектеп  мұғалімдерімен коучинг-сабақ  тақырыптарымен, әдістемелік  күннің өткізілу  мақсатымен  таныстырды.


5 –сыныппен орыс тілі пәнінен  А.Кокимбаева «Чем  пахнут  ремесла»,  математика пәнінен А.Ұнасбаева 5- сыныппен «Жай  бөлшектерді және аралас сандарды  көбейту. Өзара жай сандар. /Есептер ығару/»тақырыбында  және жаратылыстану  пәнінен Б.Диқамбаева                         6- сыныппен «Тұрмыстық  химия  өнімдері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Ашық  сабақтар өте жоғарғы  деңгейде өткізілді. Мектеп  мұғалімдері әдіс-тәсілдердің өзгешелігі мен ерекшелігін атап, алғыстарын білдірді. 



Мектеп  мұғалімдерімен «Сабақтағы  оқу мақсатына  жету жолдару»  тақырыбында І.Қуанышбекқызы  коучинг-сабақ өткізді. Коучинг – сабақтың  мақсаты:  «Оқу мақсатына жетуде сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін құрастыра білу,нәтижеге жету жолдарын қарастыру.Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану тиімділігін зерделеу. Оқу мақсатына жету жолдарын саралау.» болды. Коучинг барысында «Сәйкестік» тренингі, «Постер» әдісі жүргізіліп, сергіту  сәтінде «Мен  ақылдымын»  ойыны ойналды.Кері  байланыс«Маңыздылық  аймағы»  әдісі  арқылы  жүзеге  асырылды. Рефлексия  «Екі  дұрыс, бір бұрыс» әдісімен жүзеге асырылды.  Коучинг  -сабақ  өз мақсатына жетті. 


Шығармашылық  топтың ұйымдастыруымен мектепте “Белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану- сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар  өткізілді. Семинарға  ауданның басқа да мектептерінен  және  аудандық  әдістемелік кабинеттің  әдіскері  Н.Толымбекова  қатысты.  Семинар  тақырыбына  сай теориялық  және  практикалық  жұмыстар  жүргізілді.  Семинар қорытындысы  бойынша  жағымды  кері  байланыстар  берілді. 

ІІІ тоқсанның  ішінде топ  мүшелері Алматы  облысы  жетекші мектептердің облыстық семинарына қатысты. Қарасаз ауылындағы облыстық семинарға А.Кокимбаева, А.Ұнасбаева, А.Сарсенбаева, А.Шыңғысовтар қатысып келді.

Қапшағай  қаласындағы Алматы  облысы  жетекші мектептердің облыстық семинарына І.Қуанышбекқызы мен Қ.Алимбаевалар қатысты. Аталған семинардан  топ  мүшелерінің  алары көп болды. Семинар барысында  кіріктірілген  сабақтар  өткізіліп, тәрбие  бағытында  сыныптан  тыс  шаралар  көрсетілді. Мектептегі бақылау-басшылық жұмыстарын  тиімді  жүргізу  туралы әдістемелік  тәжірибе  алаңы  болды. 


Мектептегі  пәндер  бірлестіктері өздеріне  берілген “Lesson  study” зерттеу  сабағы бойынша  өз есептерін берді. Олар  Бастауыш, Тілдер бірлестіктері  болды. Бұл зерттеу  әдісінің  оқу  процесіндегі  тиімді  жақтары көп екендігі ортақ ой болды. 













Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.