» » 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған тәрбие шаралары

 
 
 

2021-2022 оқу жылындағы атқарылған тәрбие шаралары

Автор: admin от 28-06-2022, 16:09, посмотрело: 399

0

«Сенім өзін-өзі басқару» ұйымымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрады » атты ұстаздар арасында  эстафеталық жарыс өтілді ұстаздар күніне байланысты. Аталған жарысқа  жалып 4 бірлестіктен  4 команда қатысты. Осы командалар арасында  «Жалын » тобымен қатыстым.  Соңында марапаттау  рәсімі  жүргізіліп, қатысқан  командаларға  бағалы сыйлықтар берілді. Ұлағатты ұстаздар мерекесі осы жылы ерекше шарамен есте қалды. 

Жас қыран» ұлдар ұйымымен  ұлдар тәрбиесіне байланысты «Болашақ жастардың қолында » тақырыбында  ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысқа аудандық аурухана  бөлімінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маманы Ф.Рахимова  және аурухана психологы С.Джанибекова ,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Нургалиева,мектеп психологы М.Әбішова және мектеп мейірағасы А.Аралбек , Жасқыран ұлдар ұйымынын жетекшісі С.Төребек және аға вожатый А.Кишибаеваның қатысуымен жиналыс өтті. Жас қыран ұлдар ұйымының жетекшісі нашақорлыққа жоламау жайында баяндама оқып , аурухана маманы Ф.Рахимова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызғалдақ қыздар ұйымымен қыз тәрбиесіне байланысты 5-7 сыныптар арасында «Қыз тәрбиесі –ұлт  болашағы» және 8-11 арасында                          «Ерте жүктіліктін алдын алу  » тақырыбында мектепшілік қыздар  жиналысы болып өтті. Мақсаты Қыз балаға адамгершілік қасиеттерді  бойына сіңіріп , жүріс-тұрыс  дағдысы, тазалық және жеке бас гигенасын сақтауды, әдепсіздікпен  азғындық  жолға түспеуге  тәрбиелеу.Жиналысқа тәрбие жөніндегі орынбасары С.Нургалиева, аға ивожатый А.Кишибаева, мектеп психологтары М.Омарова, қызғалдақ қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Алимбаева қатысты. Жиналыс барысында 5-7 сыныптар арасында           «Қыз тәрбиесі –ұлт  болашағы» туралы қыздар ұйымының жетекшісі Қ.Алимбекова баяндама оқып , қыз тәрбиесінің  маңызы  жайлы түсіндірді. Мектеп психологы М.Омарова қыз тәрбиесіне байланысты  психологиялық тренинг өткізіп, психологиялық кеңес берді. Жиналыста қыз  бойындағы жақсы қасиеттерді  дәріптеу мақсатында  бейне роликтер  көрсетіліп, қыздардың ойымен бөлісті. 8-11 арасында  «Ерте жүктіліктін алдын алу  » тақырыбында жиналысқа  аудандық аурухана бөлімінің акушеркасы М.Байбала, салауатты өмір салтын қалыптастыру  жөніндегі мамандары Р.Арынова, Ф.Рахимова келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    1 қазан "Ұлылықтың басында ұстаз тұрады" атты мұғалімдер күніне байланысты концерт өткіздік. Концертке мектеп мұғалімдері қатысты.Концерттің басын  жүргізушілердің сөзімен бастадық.Жүргізушілер:Збайрова Аяулым,Тоеке Тоғжан болды.Одан кейін Маратқызы Қасиет,Ақылбек Ұлпан,Жұмабекұлы Аманат мұғалімдерге құтықтау сөз айтса,қыздар қазақ биін биледі.Збайрова Аяулым мен Збайрова Мерей "Мектеп" әнін айтып,оқушылар өлеңдер оқыды.Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп,Жұмабаева Раббия апай өз сөзін аяқтағаннан кейін оқушылар "Ұстазым"атты хормен қортындылады.

 2021 жылы  23  қыркүйек күні «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» атты 11 сыныптарда  тәрбие сағаты өткізілді.   Тәрбие сағатының негізгі мақсаты:  Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру. Оқушыларды достық ұйымшылдық,ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.                                          Есірткі орталық жүйке жүйесіне тежеу арқылы әсер ете отырып, мидың нейрондарының арасындағы байланыстарды үзеді, нерв жүйесінің электр сигналдарын өткізу қабілетін бұзады. Нәтижесінде дененің физикалық қабілеті бұзылады, қозғалыс координациясы шаршайды, уақыт пен кеңістікті қабылдау сезімдері өзгергеді, ой-сана тұманданып, нақтылықты қабылдау нашарлайды. Түрлі елестер, галлюцинациялар пайда болады, адам түрлі эмоциялық қалыпты бастан кешіреді. Қабылданған есірткенің түрі мен көлеміне қарай масаң адам өте қозғыш немесе тежелу жағдайында болатындығы 

Қ.Р  2020-2022 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында жиындар өткізіліп,түрлі тақырыптарда кездесулер ұйымдастырылдыАталған жиынның бірінде :МДТЖО С.Нургалиева «Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу» тақырыбында хабарлама жасады. Біздің мектебімізде оқушылар арасында бір-біріне әлімжеттік көрсету, зорлық-зомбылық көрсету бар ма? Оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі.Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіретіндігін айтып өтті.

 «Сіздің    балаңыздың  таңдауы  қандай ?» тақырыбында ата –аналар жиналысы өтті.                                                                                                                                                                                     Жалпы  жиналыстың мақсаты:   Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым қатынасы  туралы түсініктер беру арқылы  ата  аналардың  білімдерін көтеруге көмектесу. Балаларына жылулығын  сезіндіру,  қаншалықты  балаларына  көңіл  бөлетіндіктерін  білу. Тәрбие  процесіндегі  қиындылықтарды  біз боп, сіз  боп  пікірлесе  отырып, ойымызды түйіндеп,  өмір  жолында  пайдалану.                                                                                                    Қазақ жас ерекшелігіне неге мән берген ?                                                                                                                      – Кішкене кездерінен олардың алдымен сабақтарын оқып, дұрыс білім алуына көп көңіл бөлген. Сабақтан босаған уақытта үй шаруасына баулыған. Болашақта қоғамға пайдалы болып өсулерін мақсат еткен. Бірақ бала тәрбиесінде ата-ананың ғана емес, мұғалімнің де қосар үлесі зор. Сондай-ақ араласатын ортасы да сана-сезімі енді қалыптасып келе жатқан баланың өмірінде үлкен рөл атқарады.Қазақ "ер баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр" деп, жасына қарай тәрбие берген. Сөйтіп ұл баланы 13 жасынан бастап отау иесі болуға дайындаған. Өйткені қазақ салтында ұл бала 13 жасында балиғат жасына жеткен болып саналатын. Сондықтан ата-ана, бауырларының алдында жауапкершілікті санасына сіңіре бастаған.Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген: Ұят болады. Жаман болады. Обал болады. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.                         Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені. Қазақ қоғамында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай болған?Бұл тәрбие ұл баланың отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Сонымен қатар намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып қалыптасуына жол ашады деп түсінген.Сондықтан Ахмет Байтұрсынов айтқандай "Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы" деп балаға дұрыс жол сілтеу ата-ананың басты міндеті, – дейді психо-аналитик Зүбайда Кененбаева.Олай болса,өз міндеттеріңізге немқұрайлы   қарамаңыздар  дегім келеді.  Күн тәртібіндегі  екінші  мәселе бойынша   жасөспірімдер  инпекторы  Қоқымбаев Жасұлан  «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әсері»Мемлекетіміздің бүгіні мен  ертеңін өрге  бастырар жас  жеткіншектер екені  баршамызға мәлім. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың  алдағы  атқарар іс-әрекеттерінің түп тамыры  бүгінгі күнмен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасы  өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз көңіл бөлмегендігін  байқауымызға болады . Көптеген жастар ісі  бойынша қоғамдық ұйымдар  құрылғандығы тағы да белгілі. Ел өмірінің қай кезеніне  жіберсек те, балалар  тағдыры  кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі  ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш  уақытта аттап өтпеген.Кейінгі уақытта  жастар арасында  құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі  ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең  етек жаюда.Жалпы  адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі  отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.

Сондықтан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа  көзқарасы  ата-ананың  көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты  қалыптасады. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына от басында әке- шешесінің тату тұруы, отбасында әке-шешесінің біреуі болмауы немесе екеуініңде болмауы әсер етеді.  Сондықтан да жақсы тәрбие  мен от басындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орыны ерекше. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ұшығуының тағы бір себебі: жастардың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге елік-теуі .Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс - бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.Жас балалардың  құқықбұзушылығына бос  уақыттың  көптігі, пайдалы іспен  айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз  дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын  аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да  еліктеушілік  танытуына әкеліп соғуда.Жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез  икемделіп, ересектер ықпалына еруі ата- ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса ,  өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті  дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген.Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.    Біз болашағы еркін де жарқын қоғамда өмір сүргіміз келсе, бесігімізді түзеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше мән бергеніміз жөн болар
Ата-аналардың     жиналыс кезіндегі    сәті
1. «Сіздің    балаңыздың  таңдауы қандай ?»  тақырыбында  оқылған    лекциядан  алған  мәліметтерді   үнемі  жадында ұстап  балларына ескертіп отыру әр ата-анаға міндеттелінді.                                                                                                       

2. Күн тәртібіндегі  екінші  мәселе бойынша   жасөспірімдер  инпекторы  Қоғамбаев Жасұланның   «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әсері» тақырыбындағы  оқылған   лекциясындағы  айтылған  қағидаттарды  естен шығармай балларына үнемі ескертіп отыру әр ата-анаға міндеттеді.Ағымдағы жылдың 6 қазан  күні «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында қыздар ұйымының жетекшісі  Қ.Әлімбаеваның ұйымдастыруымен  11-9  сынып қыздары арасында жиын откізіліп,қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру екенін түсіндірді. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алатындығы айтылды. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қарағандығын тілге тиек етті..

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.Сол себепті көбінесе апа,әжелеріңнен сабақ алып отыру артық болмайтындығы айтылды.

 Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлгендігін ескертті.


Кеңес Нұпейісұлы атындағы мектеп-лицейі   директорының  тәрбие орынбасары С.Нургалиеваның  ұйымдастыруымен аға вожатый А.Кішібаеваның,мектептің қыздар ұйымының жетекшісі  Қ.Әлімбаеваның , мектеп психолыгтары М.Омарова  мен М.Әбішевалар және аудандық  аурухананың акушері Байбала Мақпалдың ,«Нашақорлыққа қарсы күрес» бөлімінің маманы  Ф.Рахимова  мен аурухана психологы С.Джанибекова  сынды мамандардың қатысуымен  «Ерте жүктіліктің алдын алу»шарасы бойынша 8, 9 ,10 ,11 – сынып қыздары арасында  жиын өткізілді. Директорының  тәрбие орынбасары С.Нургалиеваның сөзінде: «Қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өзмәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз» деп өз сөзін аяқтады.                                                                                                             Аудандық аурухананың акушеркасы М.Байбала  «Жас қыздардың ішінде ненің халал,ненің харам екенін,оның зардап,зиянын түсінбей жақсы көрген жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп,кәмілетттік жасқа толмай екіқабат болып қалатындар да көп.Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.Ерте жүкті болудың зияны? Қыз балалардың дене мүшелері 18жасқа дейін қалыптасып өседі.Ағза толық жетілмеген кезде жыныстық қатынасқа түсу де,жүкті болып қалып, босануы да өте ауыр болады,денсаулығына зиян келтіреді.Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар:аяқтың күп болып ісуі,қан қысымының көтерілуі,ашуланғыштық,жүйке күйзелісі,ұйқысыздық.Осындай жағдайда операция (ота)жасатып,баласын алдырып тастайтын болса,денсаулығы күрт нашарлайды,енді қайтып бала көтере алмай,бедеу болып қалуы әбден мүмкін.  Кез-келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен,психологиялық дағдарысқа ұшырайды.Жасөспірім қыз күнәсіне қысылып,әке-шешесінің,туған-туыстарының қас-қабағына қарап,жабырқап жасиды,қайғыға батады,қорланып қысылады.Елдің көзіне түсуден қашады,тасада тығылып өмір сүреді.Жүктілігі енді біліне бастағанда оны жасыру үшін белдік,орамал,белбеумен  қатты тартып тастайды да,іштегі баланың толық жетіліп,дамуына зиян тигізеді. Оған қоса қоршаған орта, телефон,компютор, тамақтануымыз,қозғалысымыз т.б әсері.Содан туған бала әлжуас, қан аз, түрлі кемістіктермен туылуы  болуы мүмкін.                                                                                       Ерте жүктілік немен қауіпті?Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір  емес! Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –проблемадан сақтану.

                                                                                                                                                                                                                                                         

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.Балаларымызға ұл мен қыз баланың жыныс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық фукциясының ерекшеліктерін ерте жастан түсіндіре беру қажет. Отбасында әкесі ұлына,шешесі қызына жыныстық қатынасты ерте бастаудың неге әкелетінін түсіндіру,сонымен қатар үлкендер жыныстық қатынасқа түсуін жасөспірімдерге көрсетпеуі қажет(бұл жыныстық қатынасқа ерте түсуіне себепші болады). Контрацепция мәселесіне келетін болсақ,онда жасөспірім қыздарға жүктіліктен және жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтану әдістерін мұқият түсіндірген жөн. Жасөспірім қыздар алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі,оған не себеп болады-деген сауалға дәрігерлер мен психологтар,құқық қорғаушылар мынандай жауаптар қайтарады. Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да,салдары да көп.Ойда жоқта жүкті болып қалу жас қыздардың денсаулықтарын құртады.Көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді.Қазір бедеуліктің 16 пайызы,тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер.Осы жөнінде  мектептерде 15-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында жүктіліктен сақтану,ерте жыныстық қатынасқа түсудің зардаптары жөнінде денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері баяндама,дәріс сабақтар оқып тұрады.Санитарлық-ағарту жұмыстары да жүргізіледі. Бүгінгі күні сіздермен кездесіп,мүмкіндігінше толық кеңес беріп өттім» ,деді өз сөзінде.   Мектебімізде сонымен қатар дін қызметкері А.Сығаевпен «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында   жогарғы сынып оқушыларымен кездесу болды.
 14.10.2021 жылы "Самұрық" дебаттық клубының ұйымдастыруымен "Болашақ-жастардың қолында" атты ой-пікірталас сайысы өтті. Аталған сайысқа 9-10 сыныптар арасынан «Ұландар» және «ЖаStar» тобы бақ сынады. Ой-пікірталас сайысында жалпы 2 сұрақ бойынша ой қозғалды.      Бірінші: «Қазіргі жастардың жағдайы қалай? Біз болашағымызды жастарға сеніп тапсыра аламызба?» Бірінші сұрақ бойынша «Ұландар» командасы даттаушы , «ЖаStar» тобы жақтаушы болды. Әр команда өздеріне берілген сұрақтарға жоғары мәдениеттілікпен жауап беріп, өз ойларын ашық жеткізе білді.           Екінші сұрақ: «Жастарға мемлекетімізді дамытуға, болашағымызды жарқын етуге қаншалықты мүмкіндіктер қарастырылған?» Екінші сұрақ бойынша «Ұландар» командасы керсінше жақтаушы , ал «ЖаStar» тобы даттаушы болды. Екінші сұрақта  командалар өз ойларын  еркін жеткізіп, ашық түрде талқылады. Пікірталас сайысында қазылар алқасында мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұргалиева.С.С , әлеуметтік педагог, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ибрайымова Әйгерім және қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бейсенова Гулдана қазылық етті. 

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.