» » Жыл басы Әз-Нааурыз құтты болсын!

 
 
 

Жыл басы Әз-Нааурыз құтты болсын!

Автор: admin от 28-06-2022, 16:19, посмотрело: 124

0

Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі - тәрбие. Тәрбие - мәңгілік және адамзаттық... Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады.  Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.Осы орайда,мектебіміздің 8«а»,7 «а,ә» 6 «а,ә» сыныптарының ұйымдастыруымен «Жыл - анасы,жыл -сұлтаны,жыл -аруы»байқауы 4 турдан өтіп,сыныптар  сынып жетекшілерімен бірлескен таныстырулар мен үй тапсысырмасы ретінде берілген «Домалақ ана,Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымдары мен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында тұсау кесу,бастаңғы дәстүрлерін көрсетіп,ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.