» Материалы за Март 2020 года » Страница 4

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сәтсіз отбасы

Автор: admin от 16-03-2020, 11:44, посмотрело: 711

0 Сәтсіз отбасы үйіне рейд жасалынып, тұрмыстық жағдайы тексерілді. Зерттеу актісі толтырылды. Әжесімен балалардың сабағы, көңіл күйі, қандай көмек керек екендігі сұралды. Үйдегі 5 баланы анасы әкесіне тастап, ажырасып кеткен. Балалар әжесі мен әкесінің қолында тәрбиеленуде.

Категория:

 

Міндетті білім беру қорынан берілген көмек

Автор: admin от 16-03-2020, 11:43, посмотрело: 372

0 Желтоқсан айында міндетті білім беру қорынан түрлі  категориядағы оқушыларға аяқ киім, жылы шалбар, тақия, күртеше берілді. Олар: А.Сатылған,М.Айдосұлы, Н.Еркінбекұлы,  Ж.Советбайқызы, М.Несіпбеков, М.Ахмет, А.Азатбайұлы, С.Жансерікұлы , С.Әлімқадир,Нұрлыбекқызы.А.

Категория:

 

Әлеуметтік педагог жұмысы 3

Автор: admin от 16-03-2020, 11:41, посмотрело: 397

0


Категория:

 

Әлеуметтік педагог жұмысы 2

Автор: admin от 16-03-2020, 11:38, посмотрело: 458

0

Категория:

 
 

Мектеп оқушыларының жетістіктері

Автор: admin от 16-03-2020, 11:29, посмотрело: 633

0 1. 9-сынып оқушысы Ілік Ұлпан облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысына орыс тілі пәнінен  қатысып, 3 орын алды.
2. Облыстық  пәндік олимпиадаға физика пәнінен  11 сынып оқушысы Салимова Бота қатысып, сертификат алды, пән мұғалімі Г.Жанабатырова
3.  Мектепішілік пәндік олимпиада болып, оған бастауыш сынып оқушыларынан 3,4 сыныптар қатысты. Математика пәнінен І орынды 3 «а» сынып Д.Ерболұлы , 3 «ә» Жұмажан М, ІІ орынды3 «ә» Бағашар О, 4 «а»  сыныбынан І орынды Әмір Е, 4 «ә» Ауғанбай А, 4 «ә» Кәдірбек М. ІІ орын 4 «а» Сапарғали А, қазақ тілі пәнінен 4 а оқушысы І орын Алғазы З, Тоеке Ұ, 4 ә сыныптан І орын Мұсахан А ІІ Сыдық Б 3а сыныптан Иманберген Ж, 3 а Әліқұл А.
4. Мектепішілік «Зерде» КҒА ғылыми жобасы жарысы өтті. Онда 4 «а» сыныбынан Сапарғали А.   «Алоэ өсімдігі» туралы айтып, оны медицинада қалай қолданылатынын айтып өтті. Жетекшісі Кабдолдина Гүлназ. 4 «ә» сыныбынан Алимкадир С «Ас бұршағы». Оқушы өзінің ас бұршақты қалай күткені жайында және қалай пайдалану керектігі туралы айтып берді. Касымжанқызы А тақырыбы: «Адыраспан». Оқушы Адыраспанды қалай алу керектігін,оған амандасу түрлерін айтып түсіндірді. Жетекшісі Кашкымбаева Г.  3 «а» сыныбынан Болат А қатысып, тақырыбы: «Алма жемісі» туралы айтты. Онда алма жемісінің қай жерлерде өсетіні және қалай күтім жасау керектігін айтты.    Жетекшісі Тойлыбаева Маратгүл. 3 «а» Оспан Д «Атбегі» атты тақырыбында қорғап айтты. Онда атбегілікті қалай жүргізу керектігін, жылқыларды қалай күтіп баптау керектігін қорғады. Қорғау барысында өзінің жылқысын баптау ережелерімен таныстырды. Жетекшісі Байдулатова Ә. 2 «а» сыныбынан Мұратұлы Д «Күріштің емдік қасиеті» атты тақырыбында күріш туралы мәлімет бере отырып, онымен адамдарды қалай емдеу керектігін және емдеу шараларын айтып өтті. Жетекшісі Салимжанова С. Жоба барысында І орынды 4 «ә» сынып оқушысы Алимкадир С мен 4 «а» сынып оқушысы Болат А, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы Қасымжанқызы А мен 3 «а» сынып оқушысы Оспан Д, ІІІ орынды 4 «а» сынып оқушысы Сапарғали А және  2 «а» сынып оқушысы Мұратұлы Д алып марапатқа ие болды. Бұл оқушылар аудан көлемінде болатын «Зерде» КҒА –на жолдама алды. 
5. Мектепішілік ағылшын тілі пәні олимпиадасынан, «Дарын» ғылыми жоба жарысынан, оқушысы Ілік Ұлпан  2-орын алды.
6. А.Бекмуханбетова үлгілі ашық сабақтар өткізді.
 Мектепшілік олимпиадаға орыс тілі пәнінен 11 «а» сыныбынан Сабырбек Ұ,  9  «а» сыныбынан Ханет А, Ердосұлы Ә, Көшкінбай А, 8 «а» сыныбынан Сейітқұл Д қатысып Ханет А және Сабырбек Ұ аудандық олимпиадаға жолдама алды. Пән мұғалімі Демежанова А.
7. Облыстық «Дарын» ғылыми жобаға «Смс-как эпистолярный жанр» атты тақырыбымен 9 «а» сынып оқушысы Ілік Ұлпан қатысып 3 дәрежелі диплом алды.
8.  М.Мақатаевтың 89 жылдығына орай республикалық көркемсөз   жарысына 5-7 сыныптар арасынан оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жетекші пән мұғалімі Нұрғалиева С. 6 «а» сынып оқушысы Қожахмет Ж бас жүлде, 7 «а» сынып оқушысы Оспан Ш бас жүлде, 6 «а» сынып оқушылары Құсайын А, Төлеш А,Үкеш Ә, Збаирова А,7«асынып оқушылары Орманбекқызы А , Алғазы А, Азатбайқызы А, Ернат Е-1 орын, Сағатбек Ж , Тоеке Т,Ақылбек Ұ -2 орын, Маратқызы Қ  3 орын5 «а» сынып оқушылары Збаирова М,Әмір Ф-1орын,Советхан Ш, Фазилжан Р 2 орын алды. 
9. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Мектеп мұғалімдерінің жетістіктері

Автор: admin от 16-03-2020, 11:17, посмотрело: 440

0 Информатика пәнінің мұғалімі Құрмантаева Әсем 2018-2019 оқу жылында аудандық «Жыл үздік мұғалімі» байқауына қатысып, жүлделі 1-орын иеленіп, облысқа жолдама алған болатын, 2019 жылы қазан айында болған облыстық «Жыл үздік мұғалімі – 2019» байқауынан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аудандық жас мамандар арасында өткен «Педагогикалық дебют» байқауына химия пәнінің мұғалімі Т.Мергенбаева қатысып, 3 орын алды.
Аудандық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Демежанова қатысып, 3 орын алса,9 сынып оқушысы Ілік Ұлпан облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысына орыс т пәнінен  қатысып, 3 орын алды.
Шығармашылық топ мүшелері аудандық желілік қауымдастық бойынша  «Шебер сыныптар» байқауында жүлделі 1 орын алды.
Аудандық жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің бірлескен шығармашылық жұмысын көрсететені «Педагогикалық тандем» байқауына жас маман қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі К.Дадаева мен тәлімгері С.Нұрғалиевалар қатысып, жүлделі ІІ орын алды.
    М.Мақатаевтың 89 жылдығына орай өткен Республикалық көркемсөз байқауына  өнерлі оқушылар дайындағаны үшін жас маман   Дадаева К. «Дарынды ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

Категория:

 

Әдістемелік жұмыстар бойынша анықтама

Автор: admin от 16-03-2020, 11:10, посмотрело: 482

0 2019-2020 оқу жылында мектептегі маман кадрлар саны-62 мұғалім, оның жоғарғы санаттысы- 13,оның 5 педагог- зерттеуші, бірінші санатты мұғалім- 11, 2- педагог-сарапшы, екінші санатты-17,оның  ішінде 5 педагог- модератор, санаты жоқ мамандар-21. Жоғарғы білімдісі—52, аяқ/жоғары- 3, арнаулы орта -7 мұғалім бар. Мұғалімдердің потенциалы-66 пайызды құрайды.Мектепте -6 пән бірлестіктері бар.
      Биылғы оқу жылында  пәндер бірлестігінің жетекшілеріне өзгеріс енгізіліп мектеп директорының  бұйрығымен бекітілген бірлестік жетекшілері:
        1. Бастауыш сыныптар  бірлестігі- С.Салимжанова
        2. «Балбөбек»  әдістемелік  бірлестігі- А.Дүйсенқызы
        3. Тілдер бірлестігі-  А.Кокимбаева ( ағылшын т, қазақ т, орыс т)
        4. Жаратылыстану пәндер  бірлестігі- Т.Мергенбаева          
                                                                        (матем,физ,инф,биол,геогр,хим)
        5. «Елтану» әдістемелік  бірлестігі-  А.Орынтаева (тарих, өзін-өзі,музыка)
        6. Көркем-эстетикалық пәндер бірлестігі- Ж.Әшкеева (дене т,көркем еңбек, АӘTД)

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

«Балбөбек» әдістемелік бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 11:08, посмотрело: 627

0     Мектепалды даярлықта- 2  топ жұмыс істейді. 2 топта жылдың басынан 42 бала қабылданып тәрбиеленуде.Топтағы балалар жеке бұйрық кітабына тіркелген, құжаттар толық.Мектепалды даярлық сыныбында жұмыс жүргізетін тәрбиешілер 1-ші топта А.Дүйсенқызы -білімі жоғары,екінші топта Г.Айтақынова -білімі арнаулы орта.А.Бекмуханбетова  орыс тілі пәнінен 2 сағат береді, ағылшын пәнінен 1-сағат   Н.Оразалы береді.Мектепалды даярлық тобында «Үлгілі оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік жоспар жасалынып, бекітілген.Бағдарламада бес саланы қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», осы салалар бойынша жұмыс жасайды. Жылдың басында 6 қыркүйекте ата-аналар жиналысы болды . «Тәрбие отбасынан басталады» атты баяндама 2-топта да оқытылып, ата –аналармен пікірлесіп талқыланды.Ата-анамен балаға қандай пәндер жүретіндіктері және құралдарын толықтыруы туралы мәліметтер берілді. Мектеп психологы Бахарбек Алина балалармен психологиялық зерттеулер жүргізді.Пәндер бойынша балалардың арнайы оқу құралдары толық.Тәрбиеленушілер«Алматы кітап» баспасынан шыққан оқулықтармен оқиды.Мектепалды даярлықта «Жолда жүру ережесі», «Ұстаз ұлы тұлға» тәрбие сағаттары өткізілді.
14-19 қазан аралығында «Балбөбек» бірлестігінің «Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту және  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу» деген тақырыппен апталығы өтті. Апталық жоспарында үлгілік сабақтар және ертеңгіліктер өткізілді. 
Айтақынова Г көркем әдебиет сабағынан «Тату доспыз бәріміз» тқырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта балаламен ойын түрін пайдалана отырып қызығушылығын арттыра білді.Дүйсенқызы А музыка сабағынан «Ардақты ұстазым» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өтті.Сабаққа балалар қызыға қатысты және ойын түрлерін пайдаланды.
Жұмағұлова Айбану дене шынықтыру сабағынан «Бір бағытпен жүре отырып, кедергілерден өту» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті.Сабаққа қатысқаны 7 бала.Аралас топ болғандықтан жас ерекшелігіне қарай бөліп өткізді.Балаларды көп сөйлеуге, тілін дамытуға үйрету керек. «Бәрін білгім келеді» қорытындылау кешінде балалар толығымен қатысып, шығармашылық жұмыстары қойылды. «Балбөбек балалық шақ» атты қабырға газеті шығарылып, апталықта жоспарланған шаралар үлгілі сабақтар, ертеңгіліктер өз уақытында өтіп,ұсыныс пікірлер айтылды.
А.Дүйсенқызының республикалық педагогикалық ғылыми – әдістемелік журналының 2019ж қыркүйек айында «Білімді әріптестер» журналына  сауат ашу пәнінен «Э дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабағы, Г.Айтақынова   математика сабағынан «Ғажайып математика»   тақырыбында сабағы жарияланды.
«Қарлығаш» шағын орталығы 25 балаға арналған.Қазіргі күні 23 бала қабылданып,тәрбиеленуде.Топтағы балалар жеке бұйрық кітабына тіркелген.Топта топ журналы,фильтр журналы жүргізіледі.Мейірбике күнделікті балалардың денсаулығын тексеріп,қабылдап отырады.Шағын орталықта 5 қызметкер жұмыс  жасайды.2 тәрбиеші,1 көмекші,аспазшы, кір жуушы.Арнайы кабинеттер бөлінген, жылы және жарық.Шағын орталықта «Үлгілі оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, арнайы күнтізбелік жоспар жасалынып бекітілген.Бағдарламада 5 саланы қамтиды. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» осы салалар бойынша 2 тәрбиеші жұмыс жүргізеді.Мұқаева Айнұр, Жұмағұлова Айбану білімдері арнаулы орта. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Көркем- эстетика бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 11:06, посмотрело: 887

0 Оқу жылының басында көркем еңбек пәні бойынша 9 мұғалім жұмыс істейді. Олар Әшкеева Ж, Қарасартова А  көркем еңбек  пәні, дене шынықтыру пәнінен Дүкенбаев Е, Нұрғожаев Н, Нарынбаев А, Джайынбаев Е, Ақанбай Т, Тәліп Т, Төребек С, АӘД пәні  бойынша Жамалбек Б мұғалімдер сабақ береді.   Жұмыс жоспары жасалып, бекітілді және бірлестік отырысында таныстырылып, талданды.
Барлық сабақтар күнтізбелік жоспар бойынша өтіліп отырады. Өзара сабаққа қатысуда, мұғалімдер сабаққа қатысып, тәжірбие алмасып отырады. ҚР   білім және ғылым министрлігінің 03.04.2015ж №115 бұйрығы бойынша күнтізбелік жоспары  жасалды, журналы мен күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді. 
Сыныптарда  аптасына   1сағаттан  болатын  болған соң   қорытынды шығарылмайды,тест  сапа көрсеткіш 90%   үлгерім 100% .
 Пәнге арналған электрондық  оқулықтардың көмегі зор болды. Оқушылар әлеуметтік желіден қарап өздерінің шығармашылық сауаттарын жетілдіріп отырады. 
Технология кабинетіндегі іс-құжаттардың папкасы және номенклатурасы Р-1, Білім стандарты және нормативтік құжаттар папкасы Р-2, Қауіпсіздік ережесі Р-3 папкалары жасалынып қойылды. 2-тоқсанда аптасына 1 сағаттан  жалпы 7 сағаттық сабақ өтіледі. Мектеп директорының бұйрығымен бекітілген 5-9 сыныптар арасында тест алынды. Тестінің қорытындысы бойынша 92%, оқушы саны -308, қатысқаны-308   сапа -92%-үлгерім-100% болды.
9-19 желтоқсан  «Дені саудың   жаны сау, еңбек түбі  жеңбек»  атты    апталық   өтті.  Апталық  бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің көркем эстетикалық әдістеме білестігінің мұғалімдері түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.
         Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын ҚР-ң әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған көркем - эстетика   әдістеме   бірлестігінің жетекшісі Ж Әшкеева  мен дене шынықтыру  пәнінің   мұғалімі Джаимбаев Е  т.б  денешынықтыру   мұғалімдері   және алғашқы әскери және технология  дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Жамалбек Б  ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта көркем эстетика бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. 
Нарынбаев А. дене шынықтыру пәні бойынша «Волейбол» тақырыбы бойынша  10 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды.  Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты. Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.Дукенбаев Е.дене шынықтыру пәні бойынша «Ұлттық ойындар» тақырыбында  3«ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.Ақанбай Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық   жұмыстар жасалынып, оқушылар да дұрыс жұмыс жасады. Джаимбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.   Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім  көрнекілі құралдар  пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Нұрғожаев Н. дене шынықтыру пәні бойынша «Қозғалыс ойындары» тақырыбында 9 «ә» сыныппен ашық сабақ   өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.    Сабақ талапқа сай жоспарланған.Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін  білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Жамалбек Б. алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында 10 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті.  Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 8 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті.  Қарасартова А. көркем еңбек пәні бойынша «Табиғи материалдардан жасалатын бұйым нобайын орындау» тақырыбында 6 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Ашкеева Ж. көркем еңбек пәні бойынша «Батикті  мата бетіне өрнек түсіру» тақырыбында 7 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі-түсті көрнекіліктерді пайдаланды.Моноблокты да пайдаланып, сабақты жақсы жоспарлаған,оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы болды.   Дукенбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Тоғыз құмалақтан» сыныптан тыс жұмысы өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
  Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Футболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылармен дайындық өткізді.
Нұрғожаев Н. Дене шынықтыру пәні бойынша «Баскетболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
             Апталық соңында 5-9 сыныптар әр түрлі тақырыпта шығармашылық жұмыстарға байланысты көрме ұйымдастырды. Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine