2019-2020 оқу жылындағы «Елтану» бірлестігінде 6- мұғалім бар.Олар музыка пәнінен Әділов С, тарих пәнінен Орынтаева.А,Абдилбаева.Б, Шыңғысов А,өзін-өзі тану пәнінен Белгібаева.С,Бахарбек А.
2019-2020 оқу жылына бірлестіктің жылдық жоспары жасалынып әдіскер Жаңабатырова Г басшылығымен бекітілді. Жоспар бойынша бірлестіктегі пән мұғалімдеріне тапсырмалар беріліп орындалуда. Бірлестіктегі аталған 6-мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары жасалынып мектеп басшыларымен бекітілді. I- тоқсандағы бірлестіктегі жұмыстар уақтылы орындалуда. I-тоқсан да «Елтану» бірлестігінде тарих пән мұғалімдерінің ішінде республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналдың 2019 жылдың 9қыркүйегіндегі №1 санында тарих пәні мұғалімі Орынтаева Айжанның «XYI-XYII ғғ.қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?» тақырыбында сабағы жарияланды.
Қараша айының 18 мен 28 аралығында «Елтану» пән бірлестігінің «Тарихты білу,тану-рухани жаңғырудың даңғылы» атты апталықтың он күндігі өткізілді 18.11.2019 жылы лездемеде апталықтың ашылу жоспарымен таныстырылды.
4«ә» сыныбында Әділов Саматтың «Атадан қалған жауһар жыр» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.6«ә» сыныбында Бахарбек Алинаның «Ақ көңілділік» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.
4«а» сыныбында «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында сыныптан тыс жұмысы өткізілді.
7«а» сыныбымен өзін-өзі тану пәнінен «Адам жауапкершілігі» сабағы пән мұғалімі С.Белгібаева
7«ә» сыныбында О.Жандосов мұражайына саяхат сабағы,мұғалім А.Шыңғысов.
Орынтаева Айжанның «Қазақстан аумағындағы Ұлы жібек жолы» тарауына қайталау тақырыбында ашық сабағы,
Шыңғысов А 8«ә» сыныбында «Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс тақырыбында» ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізсе, 3,4,5,6,7,811 сыныптармен «Сарытау самал» фольклорлық оркестрінің жетекшісі С.Адиловтың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен қорытынды кеш өткізілді.