Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар –ұстаздар үшін ең маңызды мәселе. Жас жеткіншектердің арасынан талантты да дарынды, ерекше қабілетті балаларды таңдап алу, олармен тікелей жұмыс жүргізу – осы мәселенің бір шешімі болып табылады.
Апталықта “Білім сапасы төмен сыныптардың сапасын көтеру, яғни олқылықтарды жою” мақсатында “Талантты ұстаздан - дарынды оқушы” атты 12 сәуір мен 30 сәуір аралығында ұйымдастырылған \15 күндік\ апталықтарды қорытындылаймыз. Осы аралықта жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді.