» Материалы за 01.03.2023

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық»

Автор: admin от 1-03-2023, 15:25, посмотрело: 111

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық» атты кеш өткізілді. Мерекенің басты мақсатының бірі: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз екендігін дәріптей отырып бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болды. Кеш қонақтары аудандық аналар кеңесінің төрайымы Көнеева Бақыткүл Демежанқызы, Кеген селолық округінің аналар кеңесінің төрайымы Сатаева Ғалия Шаймшиденқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Умирсейтова Роза Ахметқызы қатысып өз баяндамаларымен таныстырып мектеп ұжымы мен оқушыларға және ата – аналарға алғыстарын білдірді. Мектеп – лицей директоры Жазира Еділқызы құттықтау сөз сөйлей отырып, «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» атты мектеп-лицей оқушылары арасында өткізілген эссе байқауының жеңімпазы Ыдырысқызы Айшаны марапаттады.  



Категория: , ,