0
Оқу жылының басында көркем еңбек пәні бойынша 9 мұғалім жұмыс істейді. Олар Әшкеева Ж, Қарасартова А көркем еңбек пәні, дене шынықтыру пәнінен Дүкенбаев Е, Нұрғожаев Н, Нарынбаев А, Джайынбаев Е, Ақанбай Т, Тәліп Т, Төребек С, АӘД пәні бойынша Жамалбек Б мұғалімдер сабақ береді. Жұмыс жоспары жасалып, бекітілді және бірлестік отырысында таныстырылып, талданды.
Барлық сабақтар күнтізбелік жоспар бойынша өтіліп отырады. Өзара сабаққа қатысуда, мұғалімдер сабаққа қатысып, тәжірбие алмасып отырады. ҚР білім және ғылым министрлігінің 03.04.2015ж №115 бұйрығы бойынша күнтізбелік жоспары жасалды, журналы мен күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді.
Сыныптарда аптасына 1сағаттан болатын болған соң қорытынды шығарылмайды,тест сапа көрсеткіш 90% үлгерім 100% .
Пәнге арналған электрондық оқулықтардың көмегі зор болды. Оқушылар әлеуметтік желіден қарап өздерінің шығармашылық сауаттарын жетілдіріп отырады.
Технология кабинетіндегі іс-құжаттардың папкасы және номенклатурасы Р-1, Білім стандарты және нормативтік құжаттар папкасы Р-2, Қауіпсіздік ережесі Р-3 папкалары жасалынып қойылды. 2-тоқсанда аптасына 1 сағаттан жалпы 7 сағаттық сабақ өтіледі. Мектеп директорының бұйрығымен бекітілген 5-9 сыныптар арасында тест алынды. Тестінің қорытындысы бойынша 92%, оқушы саны -308, қатысқаны-308 сапа -92%-үлгерім-100% болды.
9-19 желтоқсан «Дені саудың жаны сау, еңбек түбі жеңбек» атты апталық өтті. Апталық бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің көркем эстетикалық әдістеме білестігінің мұғалімдері түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын ҚР-ң әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған көркем - эстетика әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ж Әшкеева мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джаимбаев Е т.б денешынықтыру мұғалімдері және алғашқы әскери және технология дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Жамалбек Б ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта көркем эстетика бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
Нарынбаев А. дене шынықтыру пәні бойынша «Волейбол» тақырыбы бойынша 10 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды. Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты. Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.Дукенбаев Е.дене шынықтыру пәні бойынша «Ұлттық ойындар» тақырыбында 3«ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.Ақанбай Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық жұмыстар жасалынып, оқушылар да дұрыс жұмыс жасады. Джаимбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім көрнекілі құралдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Нұрғожаев Н. дене шынықтыру пәні бойынша «Қозғалыс ойындары» тақырыбында 9 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған.Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Жамалбек Б. алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында 10 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті. Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 8 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті. Қарасартова А. көркем еңбек пәні бойынша «Табиғи материалдардан жасалатын бұйым нобайын орындау» тақырыбында 6 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Ашкеева Ж. көркем еңбек пәні бойынша «Батикті мата бетіне өрнек түсіру» тақырыбында 7 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі-түсті көрнекіліктерді пайдаланды.Моноблокты да пайдаланып, сабақты жақсы жоспарлаған,оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы болды. Дукенбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Тоғыз құмалақтан» сыныптан тыс жұмысы өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Футболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылармен дайындық өткізді.
Нұрғожаев Н. Дене шынықтыру пәні бойынша «Баскетболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
Апталық соңында 5-9 сыныптар әр түрлі тақырыпта шығармашылық жұмыстарға байланысты көрме ұйымдастырды. Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты.