Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жаратылыстану пән бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:54, посмотрело: 384

0 Жаратылыстан пән бірлестігінің апталық  кезінде өтілген сабақтардан

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Жаратылыстану пән бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:52, посмотрело: 410

0

 «Жаратылыстану» пән бірлестігіне математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндері кіреді, бірлестікте  14 мұғалім жұмыс жасайды. 

 2019-2020 оқу жылында  5-10 сынып пәндерінің бағдарламасы жаңартылған білім беру жүйесі  бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы  №545 бұйрығы негізінде жасалынған. 


(«Жаратылыстану» пән бірлестігінің ашылуы мен жабылуы.)

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Тілдер бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:49, посмотрело: 494

0

Тілдер бірлестігі үш пәннен тұрады. Қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі және ағылшын тілі пәндер бірлестігінен  құралған. Барлығы  8 мұғалім жұмыс жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 мұғалім сабақ береді, Нұрғалиева Салтанат, Ахметова Меруерт, Ибрайымова Айгерім, Бейсенова Гулдана, Дадаева Күнсұлу. ағылшын тілі пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. Олар: Жұмабаева Равия,Құсайынова Гүлнұр, Оразалы Назбану.

 ІІ тоқсандағы директорлық тестен  қазақ тілі   сапа -65%  қазақ әдебиетіде сапа -68%   ,ал ағылшын тілі сапа -42%,ал орыс тілі мен әдебиеті қазақ тілі  сапа- 45%   көрсетті.

18-28 қыркүйек  аралығында «Тіл достықпен келісімнің тірегі» атты тілдер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық барысында  қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша үлгілі ашық сабақтармен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

 Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ахметова 11 «а» сыныбымен М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» тақырыбында, 10 «а» сыныбында «Мағсұт» тақырыбы бойынша А.Ибрайымова, С.Нұрғалиева 5 «а» сыныбында «Қыз Жібек қосалқы кейіпкерлер портреті» тақырыбында үлгілі ашық сабақтар берді. Г.Бейсенова «Абай дана, Абай дара қазақта» атты 6-7 сынып оқушыларының арасында жарыс сабақ өткізді.Жас маман Дадаева Күнсұлу «Өлең сөздің патшасы» атты сыныптан тыс сабақ берді.

            Журналдар күнделікті толтырылып отырылады. Жиынтық және тоқсандық бағалаулар уақытылы алынып , тексеріліп отырады.Дәптерлері қапталып,тұрақты түрде текеріліп отырады. Оқушылармен ағылшын тілі кабинетінде интернет желісі көмегімен оқушылар видеороликтер көріп, тыңдалым тапсырмаларын орындайды.

      І тоқсанда Жұмабаева Равия Сатбаевна мектепішілік ағылшын тілі пәні олимпиадасынан, «Дарын» ғылыми жоба жарысынан, оқушысы Ілік Ұлпан  2-орын алды.

Алдағы уақытта пән мұғалімдеріне оқушыларға   тілді тереңірек меңгерту мақсатында ізденіс жұмыстарын жүргізіп, өзіндік білімдерін көтеру міндеттелінеді.      

Орыс тілі пәні бойынша тілдер апталығында 9 «а» сыныбында «Времен связующая нить» тақырыбында А.Демежанова, 7 «а» сыныбында «Типы речи» тақырыбында А.Бекмуханбетова үлгілі ашық сабақтар өткізді.

 Мектепшілік олимпиадаға орыс тілі пәнінен 11 «а» сыныбынан Сабырбек Ұ,  9  «а» сыныбынан Ханет А, Ердосұлы Ә, Көшкінбай А, 8 «а» сыныбынан Сейітқұл Д қатысып Ханет А және Сабырбек Ұ аудандық олимпиадаға жолдама алды. Пән мұғалімі Демежанова А.

 11 қаңтар тілдер бірлестігінің ұстаздары әдістемелік кеңесте «Оқытудағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында шебер сабақтар өткізді.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:47, посмотрело: 420

0

Үркінбай А ұйымдастыруымен «Күз аруы» байқауы өтті. Байқау барысында жұптар бойынша әртүрлі кезеңдерден өтіп, өздерін сынады. Байқау бойынша қатысқан жұптар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Күз аруы» оқушыларға қызықты өтіп, қуантты. 

         Онкүндікті қорытындылау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының өнерлерімен және өткен іс- шара бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып « Өнерлі бала сүйкімді» атты қорытынды кешке ұсынылды. Найманақын С жастар арасында «Өнерпаз   болсаң, арқалаң» тележобасының түсіріліміне белсенділік танытқаны үшін және  талантты жастарды қолдап, жарыққа шығаруға  ат салысқаны үшін  аудандық білім бөлімінің  Алғыс хатын алды. 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:46, посмотрело: 417

0

 1«а» сыныбында «Нн дыбысы мен әрпі» атты тақырыпта Байдулатова Ә ашық сабағы болды. Сабақ барысында оқушылар Н н дыбысының айтылуы және жазылуы, сөздің басында,ортасында, соңында кездесетінін білді. Әріптерден АНА, НАН сөздерін құрастырып, жаза білді. Қосымша тапсырмалар беріліп, оқушылар атсалысып отырды.

4 «ә» сыныбы бойынша жаратылыстану пәнінен Кашкымбаева Г ашық сабағы болды. Тақырыбы: «Неліктен әр жануардың қорегі әр-түрлі болады». Ашық сабақ бойынша оқушылар жануарлардың қоректері туралы танысып, топтық жұмыс жасай білді. 

      Мектепішілік «Зерде» КҒА ғылыми жобасы жарысы өтті. Онда 4 «а» сыныбынан Сапарғали А.   «Алоэ өсімдігі» туралы айтып, оны медицинада қалай қолданылатынын айтып өтті. Жетекшісі Кабдолдина Гүлназ. 4 «ә» сыныбынан Алимкадир С «Ас бұршағы». Оқушы өзінің ас бұршақты қалай күткені жайында және қалай пайдалану керектігі туралы айтып берді. Касымжанқызы А тақырыбы: «Адыраспан». Оқушы Адыраспанды қалай алу керектігін,оған амандасу түрлерін айтып түсіндірді. Жетекшісі Кашкымбаева Г.   3 «а» сыныбынан Болат А қатысып, тақырыбы: «Алма жемісі» туралы айтты. Онда алма жемісінің қай жерлерде өсетіні және қалай күтім жасау керектігін айтты.   Жетекшісі Тойлыбаева Маратгүл. 3 «а» Оспан Д «Атбегі» атты тақырыбында қорғап айтты. Онда атбегілікті қалай жүргізу керектігін, жылқыларды қалай күтіп баптау керектігін қорғады. Қорғау барысында өзінің жылқысын баптау ережелерімен таныстырды. Жетекшісі Байдулатова Ә. 2 «а» сыныбынан Мұратұлы Д «Күріштің емдік қасиеті» атты тақырыбында күріш туралы мәлімет бере отырып, онымен адамдарды қалай емдеу керектігін және емдеу шараларын айтып өтті. Жетекшісі Салимжанова С. Жоба барысында І орынды 4 «ә» сынып оқушысы Алимкадир С мен 4 «а» сынып оқушысы Болат А, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы Қасымжанқызы А мен 3 «а» сынып оқушысы Оспан Д, ІІІ орынды 4 «а» сынып оқушысы Сапарғали А және  2 «а» сынып оқушысы Мұратұлы Д алып марапатқа ие болды. Бұл оқушылар аудан көлемінде болатын «Зерде» КҒА –на жолдама алды. 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:43, посмотрело: 424

0

Дүниетану пәнінен 2 «а» сыныбынан «Адам еңбегі» тақырыбында Үркінбай Айсұлудың ашық сабағы болды. Оқушылар сабаққа белсене атсалысып отырды. Сабақта «Лүпіл», «Таза тақта» әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, өткізді. Қатысушылар сабаққа байланысты ұсыныстарды айтып, сабақты қорытындылады.

  Мектепішілік пәндік олимпиада болып, оған бастауыш сынып оқушыларынан 3,4 сыныптар қатысты. Математика пәнінен І орынды 3 «а» сынып Д.Ерболұлы , 3 «ә» Жұмажан М, ІІ орынды3 «ә» Бағашар О, 4 «а»  сыныбынан І орынды Әмір Е, 4 «ә» Ауғанбай А, 4 «ә» Кәдірбек М. ІІ орын 4 «а» Сапарғали А, қазақ тілі пәнінен 4 а оқушысы І орын Алғазы З, Тоеке Ұ, 4 ә сыныптан І орын Мұсахан А ІІ Сыдық Б 3а сыныптан Иманберген Ж, 3 а Әліқұл А.

Жаратылыстану пәнінен 3 «ә» сыныбының «Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы» атты тақырыпта Найманақын С ашық сабағы өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдіс -тәсілдер қолдана білді. Онда сабаққа қатысушылар сабақ барысы бойынша ұсыныстар айтып, тәжірибесін молайтуды ескертті. Дәл осы күні «Толағай» ата- аналардың қатысуымен спорттық эстафета болды. Жауапты  Кашкымбаева Г. Эстафета барысында ата-аналары және баласы қатысып, ойын арасында қызықты да тартымды өтті. І орынды 4 «ә» сыныбынан Құрманбаева Дариға, ІІ орынды 4 «а» ата-ана Байбала Нұрым, 2 «ә» сыныбынан ата-ана Аусыдық Мөлдір алып, марапатталды. 

 1 «а» сынып жетекшісі Байдулатова Ә «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік!» атты сыныптан тыс жұмысы болды. Онда жол тәртібі мен жол ережесі жайлы айтылды. Оқушылар жолда жүру қауіпсіздігі туралы біліп, білімдерін кеңейтті. Оқушылар сыныптан тыс жұмысқа белсене атсалысып, жол ережелерін және жол белгілерін танып білді. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:42, посмотрело: 424

0

Жоспарыға сәйкес 01.10-10.10 аралығында «Бастауыш- білім тірегі»  тақырыбында бастауыш сыныптар онкүндігі өтті.Онкүндік барысында жоспарланған ашық сабақтар мен іс- шаралар орындалып отырды. 01.10 күні  лездеме барысында онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Бастауыш сынып мұғалімдері атсалысып, оқушылары  ән айтып, би биледі.  «Ұстаздарға мың алғыс!» мұғалімдерге арналған көрмеде оқушылар өздерінің қолдарынан жасаған гүлдерін көрмеге қойып, көрменің көркін ашты.  «Әлем балалар көзімен» атты  көрмеде бастауыш сынып оқушылары  өздеріні шығармашылық жұмыстарынан суреттер және қолөнер бұйымдарын қойды.   «4а» сыныбынан  Г.Кабдолдинаның «10,100,1000 сандарына көбейту және бөлу» атты  ашық сабағы, 2 «а» сыныбы бойынша С.Салимжанованың «100 көлемінде азайту және қосу» тақырыбында ашық сабақтары өтті.

«Мен ақынмын!» атты мәнерлеп оқу жарысында оқушылар өздерінің жаттап келген ақын- жазушылардың өлеңдерін айтты. Өлеңдерді жаттап қана қоймай, оны мәнерлеп және дауыс ырғағын келтіре отырып, айтып шықты. «Мәнерлеп оқу» жарысынан І орынды   4 «а» сынып оқушысы Ілияс Жәнібек 4 «ә» сыныбынан Алимкадир Султан, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы Қасымжанқызы Айым, 2 «а» сынып оқушысы Тоқтарбек Расул, ІІІ орынды 4 «а» сынып оқушысы Бағашар Дина, 3 «а» сынып оқушысы Рахимбай Аяжан алып иеленді.


Категория: ---

 

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:39, посмотрело: 451

0

Бастауыш бірлестігі өздеріне тиесілі сабақтарын өтіп келеді. Жоспарға сәйкес бірлестік отырысы өтіп, онда әдістемелік нұсқау хатты талқылап қазақ тілі, әдебиеттік оқу  және математика пәндерінің дәптерлерінің қолданылуы туралы айтылды. Биылғы жылға қазақ тілі пәнінен  сөздік диктант және көшіру диктанты қосылғанындығын да ескеріліп, жоспарға қосылды. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанабатырова.Г.Ж

Автор: admin от 16-03-2020, 10:34, посмотрело: 370

0 "№3 Кеген орта мектеп - лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанабатырова.Г.Ж

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Жетісу адалдық алаңы

Автор: admin от 13-03-2020, 18:03, посмотрело: 501

0

Категория: ---

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine