Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 
 

2021 ж. 11- қаңтар күні әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар Г.Жанабатырова қашықтан оқыту кеңес өткізді.

Автор: admin от 25-12-2021, 09:30, посмотрело: 50

0 3 Кеген орта мектеп-лицейінде 11 - қаңтар күні әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар Г.Жанабатырова қашықтан оқыту жағдайында ZOOM платформасы арқылы әдістемелік кеңес өткізді.Күн тәртібінде бастауыш сынып мұғалімі С.Салимжанова "Қашықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныпты оқытудағы әдіс-тәсілдері ", информатика пәнінің мұғалімі Ә.Құрмантаева "Онлайн мектеп платформасын пайдаланудың тиімділігі ",шығармашылық топ жетекшісі І.Қуанышбекқызы оқыту кезіндегі критериалды бағалау тақырыптары бойынша іс-тәжірбиелерімен бөлісті. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Талды орта мектебі (әдістемелік күн) 2021-2022 оқу жылы

Автор: admin от 9-12-2021, 10:39, посмотрело: 38

0 Кеген ауданының "Білім бөлімі" мекемесі және "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі МДШО" КММ
Ұйымдастырушы: "Ұлағат" шығармашылық тобы 

Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы

 
 

Мектеп оқушыларының жетістіктері

Автор: admin от 16-03-2020, 11:29, посмотрело: 633

0 1. 9-сынып оқушысы Ілік Ұлпан облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысына орыс тілі пәнінен  қатысып, 3 орын алды.
2. Облыстық  пәндік олимпиадаға физика пәнінен  11 сынып оқушысы Салимова Бота қатысып, сертификат алды, пән мұғалімі Г.Жанабатырова
3.  Мектепішілік пәндік олимпиада болып, оған бастауыш сынып оқушыларынан 3,4 сыныптар қатысты. Математика пәнінен І орынды 3 «а» сынып Д.Ерболұлы , 3 «ә» Жұмажан М, ІІ орынды3 «ә» Бағашар О, 4 «а»  сыныбынан І орынды Әмір Е, 4 «ә» Ауғанбай А, 4 «ә» Кәдірбек М. ІІ орын 4 «а» Сапарғали А, қазақ тілі пәнінен 4 а оқушысы І орын Алғазы З, Тоеке Ұ, 4 ә сыныптан І орын Мұсахан А ІІ Сыдық Б 3а сыныптан Иманберген Ж, 3 а Әліқұл А.
4. Мектепішілік «Зерде» КҒА ғылыми жобасы жарысы өтті. Онда 4 «а» сыныбынан Сапарғали А.   «Алоэ өсімдігі» туралы айтып, оны медицинада қалай қолданылатынын айтып өтті. Жетекшісі Кабдолдина Гүлназ. 4 «ә» сыныбынан Алимкадир С «Ас бұршағы». Оқушы өзінің ас бұршақты қалай күткені жайында және қалай пайдалану керектігі туралы айтып берді. Касымжанқызы А тақырыбы: «Адыраспан». Оқушы Адыраспанды қалай алу керектігін,оған амандасу түрлерін айтып түсіндірді. Жетекшісі Кашкымбаева Г.  3 «а» сыныбынан Болат А қатысып, тақырыбы: «Алма жемісі» туралы айтты. Онда алма жемісінің қай жерлерде өсетіні және қалай күтім жасау керектігін айтты.    Жетекшісі Тойлыбаева Маратгүл. 3 «а» Оспан Д «Атбегі» атты тақырыбында қорғап айтты. Онда атбегілікті қалай жүргізу керектігін, жылқыларды қалай күтіп баптау керектігін қорғады. Қорғау барысында өзінің жылқысын баптау ережелерімен таныстырды. Жетекшісі Байдулатова Ә. 2 «а» сыныбынан Мұратұлы Д «Күріштің емдік қасиеті» атты тақырыбында күріш туралы мәлімет бере отырып, онымен адамдарды қалай емдеу керектігін және емдеу шараларын айтып өтті. Жетекшісі Салимжанова С. Жоба барысында І орынды 4 «ә» сынып оқушысы Алимкадир С мен 4 «а» сынып оқушысы Болат А, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы Қасымжанқызы А мен 3 «а» сынып оқушысы Оспан Д, ІІІ орынды 4 «а» сынып оқушысы Сапарғали А және  2 «а» сынып оқушысы Мұратұлы Д алып марапатқа ие болды. Бұл оқушылар аудан көлемінде болатын «Зерде» КҒА –на жолдама алды. 
5. Мектепішілік ағылшын тілі пәні олимпиадасынан, «Дарын» ғылыми жоба жарысынан, оқушысы Ілік Ұлпан  2-орын алды.
6. А.Бекмуханбетова үлгілі ашық сабақтар өткізді.
 Мектепшілік олимпиадаға орыс тілі пәнінен 11 «а» сыныбынан Сабырбек Ұ,  9  «а» сыныбынан Ханет А, Ердосұлы Ә, Көшкінбай А, 8 «а» сыныбынан Сейітқұл Д қатысып Ханет А және Сабырбек Ұ аудандық олимпиадаға жолдама алды. Пән мұғалімі Демежанова А.
7. Облыстық «Дарын» ғылыми жобаға «Смс-как эпистолярный жанр» атты тақырыбымен 9 «а» сынып оқушысы Ілік Ұлпан қатысып 3 дәрежелі диплом алды.
8.  М.Мақатаевтың 89 жылдығына орай республикалық көркемсөз   жарысына 5-7 сыныптар арасынан оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жетекші пән мұғалімі Нұрғалиева С. 6 «а» сынып оқушысы Қожахмет Ж бас жүлде, 7 «а» сынып оқушысы Оспан Ш бас жүлде, 6 «а» сынып оқушылары Құсайын А, Төлеш А,Үкеш Ә, Збаирова А,7«асынып оқушылары Орманбекқызы А , Алғазы А, Азатбайқызы А, Ернат Е-1 орын, Сағатбек Ж , Тоеке Т,Ақылбек Ұ -2 орын, Маратқызы Қ  3 орын5 «а» сынып оқушылары Збаирова М,Әмір Ф-1орын,Советхан Ш, Фазилжан Р 2 орын алды. 
9. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Әдістемелік жұмыстар бойынша анықтама

Автор: admin от 16-03-2020, 11:10, посмотрело: 480

0 2019-2020 оқу жылында мектептегі маман кадрлар саны-62 мұғалім, оның жоғарғы санаттысы- 13,оның 5 педагог- зерттеуші, бірінші санатты мұғалім- 11, 2- педагог-сарапшы, екінші санатты-17,оның  ішінде 5 педагог- модератор, санаты жоқ мамандар-21. Жоғарғы білімдісі—52, аяқ/жоғары- 3, арнаулы орта -7 мұғалім бар. Мұғалімдердің потенциалы-66 пайызды құрайды.Мектепте -6 пән бірлестіктері бар.
      Биылғы оқу жылында  пәндер бірлестігінің жетекшілеріне өзгеріс енгізіліп мектеп директорының  бұйрығымен бекітілген бірлестік жетекшілері:
        1. Бастауыш сыныптар  бірлестігі- С.Салимжанова
        2. «Балбөбек»  әдістемелік  бірлестігі- А.Дүйсенқызы
        3. Тілдер бірлестігі-  А.Кокимбаева ( ағылшын т, қазақ т, орыс т)
        4. Жаратылыстану пәндер  бірлестігі- Т.Мергенбаева          
                                                                        (матем,физ,инф,биол,геогр,хим)
        5. «Елтану» әдістемелік  бірлестігі-  А.Орынтаева (тарих, өзін-өзі,музыка)
        6. Көркем-эстетикалық пәндер бірлестігі- Ж.Әшкеева (дене т,көркем еңбек, АӘTД)

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

«Балбөбек» әдістемелік бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 11:08, посмотрело: 627

0     Мектепалды даярлықта- 2  топ жұмыс істейді. 2 топта жылдың басынан 42 бала қабылданып тәрбиеленуде.Топтағы балалар жеке бұйрық кітабына тіркелген, құжаттар толық.Мектепалды даярлық сыныбында жұмыс жүргізетін тәрбиешілер 1-ші топта А.Дүйсенқызы -білімі жоғары,екінші топта Г.Айтақынова -білімі арнаулы орта.А.Бекмуханбетова  орыс тілі пәнінен 2 сағат береді, ағылшын пәнінен 1-сағат   Н.Оразалы береді.Мектепалды даярлық тобында «Үлгілі оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік жоспар жасалынып, бекітілген.Бағдарламада бес саланы қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», осы салалар бойынша жұмыс жасайды. Жылдың басында 6 қыркүйекте ата-аналар жиналысы болды . «Тәрбие отбасынан басталады» атты баяндама 2-топта да оқытылып, ата –аналармен пікірлесіп талқыланды.Ата-анамен балаға қандай пәндер жүретіндіктері және құралдарын толықтыруы туралы мәліметтер берілді. Мектеп психологы Бахарбек Алина балалармен психологиялық зерттеулер жүргізді.Пәндер бойынша балалардың арнайы оқу құралдары толық.Тәрбиеленушілер«Алматы кітап» баспасынан шыққан оқулықтармен оқиды.Мектепалды даярлықта «Жолда жүру ережесі», «Ұстаз ұлы тұлға» тәрбие сағаттары өткізілді.
14-19 қазан аралығында «Балбөбек» бірлестігінің «Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту және  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу» деген тақырыппен апталығы өтті. Апталық жоспарында үлгілік сабақтар және ертеңгіліктер өткізілді. 
Айтақынова Г көркем әдебиет сабағынан «Тату доспыз бәріміз» тқырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта балаламен ойын түрін пайдалана отырып қызығушылығын арттыра білді.Дүйсенқызы А музыка сабағынан «Ардақты ұстазым» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өтті.Сабаққа балалар қызыға қатысты және ойын түрлерін пайдаланды.
Жұмағұлова Айбану дене шынықтыру сабағынан «Бір бағытпен жүре отырып, кедергілерден өту» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті.Сабаққа қатысқаны 7 бала.Аралас топ болғандықтан жас ерекшелігіне қарай бөліп өткізді.Балаларды көп сөйлеуге, тілін дамытуға үйрету керек. «Бәрін білгім келеді» қорытындылау кешінде балалар толығымен қатысып, шығармашылық жұмыстары қойылды. «Балбөбек балалық шақ» атты қабырға газеті шығарылып, апталықта жоспарланған шаралар үлгілі сабақтар, ертеңгіліктер өз уақытында өтіп,ұсыныс пікірлер айтылды.
А.Дүйсенқызының республикалық педагогикалық ғылыми – әдістемелік журналының 2019ж қыркүйек айында «Білімді әріптестер» журналына  сауат ашу пәнінен «Э дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабағы, Г.Айтақынова   математика сабағынан «Ғажайып математика»   тақырыбында сабағы жарияланды.
«Қарлығаш» шағын орталығы 25 балаға арналған.Қазіргі күні 23 бала қабылданып,тәрбиеленуде.Топтағы балалар жеке бұйрық кітабына тіркелген.Топта топ журналы,фильтр журналы жүргізіледі.Мейірбике күнделікті балалардың денсаулығын тексеріп,қабылдап отырады.Шағын орталықта 5 қызметкер жұмыс  жасайды.2 тәрбиеші,1 көмекші,аспазшы, кір жуушы.Арнайы кабинеттер бөлінген, жылы және жарық.Шағын орталықта «Үлгілі оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, арнайы күнтізбелік жоспар жасалынып бекітілген.Бағдарламада 5 саланы қамтиды. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» осы салалар бойынша 2 тәрбиеші жұмыс жүргізеді.Мұқаева Айнұр, Жұмағұлова Айбану білімдері арнаулы орта. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine