Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

2022-2023 жылдар аралығындағы бастауыш сыныптар апталығы

Автор: admin от 22-11-2022, 19:15, посмотрело: 1765

0 "Баспалдағы білімнің, бастауыштан басталған" атты бастауыш сыныптар бірлестігінің 22.11-02.12 күндер аралығында өтетін онкүндігіне арналған жоспары

Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы

 

05-15.10.2022 жж "Елтану" бірлестігінің "Жердің аты-тарихтың хаты" тақырыбында онкүндігі өтті

Автор: admin от 17-10-2022, 19:28, посмотрело: 121

0  Онкүндікте елтану бірлестігі ұстаздарының өнегелі ашық сабақтары,сыныптан тыс сайыс сабақтары өткізілді.Сонымен қатар жергілікті ауданымыздың әнші композиторлар Абдраманов Жақсылық, Құсайынов Бақытжан аталарымызбен кездесу өткізілді.

Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы,

 

2022-2023 жылдар аралығындағы "Елтану" бірлестігінің апталығы

Автор: admin от 5-10-2022, 19:19, посмотрело: 134

0 "Елтану" бірлестігінің 05-15.10.2022 жыл аралығында өтілетін "Жердің аты-тарихтың хаты" атты онкүндігінің жоспары

Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы

 
 
 

«Ұлағат» шығармашылық тобының 2021-2022 оқу жылында жүргізген жұмыстары

Автор: admin от 28-06-2022, 16:52, посмотрело: 180

0

Шығармашылық- ұстаздың  басты  қаруы  екені  белгілі.  Осы мақсатта мұғалімдерге әдістемелік көмек беру үшін құрылған «Ұлағат» шығармашылық тобы құрылды.  Мектептің әдістемелік істері жөніндегі  орынбасары Г.Жаңабатырова топ мүшелерінің құрамы  бекітілген мектеп директорының бұйрығымен таныстырды. Шығармашылық топқа А.Кокимбаева- орыс тілі пәнінің мұғалімі, Ә.Байдулатова- бастауыш сынып мұғалімі, А.Ұнасбаева- математика  пәнінің  мұғалімі, А.Сарсенбаева- физика  пәнінің мұғалімі, Б.Дикамбаева- биология пәнінің  мұғалімі, С.Салимжанова- бастауыш сынып мұғалімі, А.Шыңғысов- тарих пәнінің мұғалімі, топ жетекшісі І.Қуанышбекқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Топтың   алғашқы отырысында 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарын таныстырылды. Топ жетекшісі 2021-2022 оқу жылына жоспарланған жұмыстарды таныстырды.


Жоспар  бойынша жас мамандарға әдістемелік көмектер көрсетілді. «"LеssonStudy"  жүргізудің білім сапасын арттырудағы  рөлі қандай?.»  тақырыбында мектепте 10 ә сыныбымен "LеssonStudy"  сабақты зерттеу әдісі қазақ әдебиеті сабағынан жүргізілді. Сабақты  зерттеу  тобы құрылып аталған сыныпты 3 топқа бөліп  зерделенді. "LеssonStudy"  дің 2 циклы өткізілді. Енді 3 цикл және қорытынды жасалуы керек. 

Күзгі каникул кезінде  ынтымақтастық  атмосферасын  орнату арқылы  бірлескен  іс-әрекетті  тиімді  ұйымдастыруға  бағытталған   магниттік  мектептер іс-шара  жоспары  аудан  көлемінде  жүзеге  асырылды.  Іс-шара   мазмұнына   сәйкес 01.11-08.11 аралығындағы  күзгі  каникул кезінде  мектебімізге  тиесілі магниттік мектептермен «Каникулдық мектеп»   іс-шара  жоспары   жасалып,   мектеп  директорымен  бекітілді. Магниттік  мектептерге  Бестөбе, Талды, Ниязбеков  және Қарқара  мектептері кіреді.  Каникулдық мектеп  іс-шара  жоспары  бойынша мектептің  шығармашылық тобымен 01.11.2021ж   іс-шара  жоспарын талқылау  отырысын  өткіздік. Магниттік  мектептермен  де 02.11.2021ж күні ZOOM платформасында  отырыс  өткізілді.  Отырыс барысында  жаңадан  қатарымызға  қосылған  мектептерге  жылдық  жұмыс  жоспары  мен  былтырғы   оқу  жылында  атқарылған  жұмыстар туралы  мәліметтер  берілді.  Жаңа қосылған  Ниязбеков  және   Талды  мектептері ұстаздарынан  сауалнама  алынып, қажеттілік  деңгейі  анықталды.  Мұғалімдермен  жылдық  жоспарға  байланысты  талқылау  жұмыстары  жүргізілді. Айтылған  ұсыныстарды  ескере  отырып жоспарға  бірқатар  толықтырулар  енгізілді. Талды  мектебінің  ұстаздары  әдістемелік  күн  өткізу  туралы  ұсыныстар айтты. 


03.11.2021ж магниттік  мектеп  ұстаздарының  толық  қатысуымен «Сабақтағы  әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың  білім сапасындағы олқылықтарды жоюдағы  рөлі.»  тақырыбында шығармашылық  топ  мүшелері  І.Қуанышбекқызы,  А.Кокимбаева, А.Сарсенбаевалар  вебинар   өткізді.  Вебинар  барысында  жаңа  белсенді  әдіс-тәсілдер  көрсетілді. Бұл әдіс- тәсілдердің сабақ  барысында  пайдаланудың  тиімділігі  талқыланды.  Себебі, сабақ- оқытуды  ұйымдастырудың  ең  негізгі  формасы  болып  табылатыны  сөзсіз. Мұғалімдер  вебинар  барысында  практикалық  жұмыстар  атқарып,  әдістердің   тиімділігіне  өздері  көз  жеткізді. 

04.11.2021ж күні «Білім  сапасындағы олқылықтарды анықтау және  оны  жою  жолдары»  тақырыбында вебинар  өткізілді. Вебинар  барысында математика, бастауыш сынып, тарих пәндері  бойынша  білімдегі   олқылықты  анықтау  және  жұмыс  істеу  жолдары  туралы әс-тәжірибесімен  бөлісті. Білімдегі  олқылық - күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе  болғандықтан вебинардың  маңыздылығы  жоғары  болды.  

Оқушылардың   үлгерім  деңгейіне байланысты  бастауыш  сыныптағы, математика   пәнінен,  тарих  пәнінен  оқушылармен  жүргізілетін   әдіс-тәсілдердің  тиімділігі талқыланды. 

Аталған  іс-шараның мұғалімдер  шығармашылығын  шыңдаудағы   рөлі  өте  маңызды болды. Каникул  жағдайында  да әріптестердің  өзара  бірлескен  оқудағы  жетістікке ұмтылуы  көңіл  қуантарлық  жағдай.. 

Магниттік мектептермен жұмыстың іс-шара жоспарына  сәйкес Талды  орта мектебінде 2021 жыл  желтоқсан айының 9 жұлдызында Әдістемелік  күн өткізілді. Бағдарламаның  мазмұнына сәйкес мектеп директорының әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңабатырова ашылуын жасады. Бағдарлама мазмұнына сәйкес ашық сабақтар мен мектеп  мұғалімдерімен коучинг-сабақ  тақырыптарымен, әдістемелік  күннің өткізілу  мақсатымен  таныстырды.


5 –сыныппен орыс тілі пәнінен  А.Кокимбаева «Чем  пахнут  ремесла»,  математика пәнінен А.Ұнасбаева 5- сыныппен «Жай  бөлшектерді және аралас сандарды  көбейту. Өзара жай сандар. /Есептер ығару/»тақырыбында  және жаратылыстану  пәнінен Б.Диқамбаева                         6- сыныппен «Тұрмыстық  химия  өнімдері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Ашық  сабақтар өте жоғарғы  деңгейде өткізілді. Мектеп  мұғалімдері әдіс-тәсілдердің өзгешелігі мен ерекшелігін атап, алғыстарын білдірді. 



Мектеп  мұғалімдерімен «Сабақтағы  оқу мақсатына  жету жолдару»  тақырыбында І.Қуанышбекқызы  коучинг-сабақ өткізді. Коучинг – сабақтың  мақсаты:  «Оқу мақсатына жетуде сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін құрастыра білу,нәтижеге жету жолдарын қарастыру.Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану тиімділігін зерделеу. Оқу мақсатына жету жолдарын саралау.» болды. Коучинг барысында «Сәйкестік» тренингі, «Постер» әдісі жүргізіліп, сергіту  сәтінде «Мен  ақылдымын»  ойыны ойналды.Кері  байланыс«Маңыздылық  аймағы»  әдісі  арқылы  жүзеге  асырылды. Рефлексия  «Екі  дұрыс, бір бұрыс» әдісімен жүзеге асырылды.  Коучинг  -сабақ  өз мақсатына жетті. 


Шығармашылық  топтың ұйымдастыруымен мектепте “Белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану- сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар  өткізілді. Семинарға  ауданның басқа да мектептерінен  және  аудандық  әдістемелік кабинеттің  әдіскері  Н.Толымбекова  қатысты.  Семинар  тақырыбына  сай теориялық  және  практикалық  жұмыстар  жүргізілді.  Семинар қорытындысы  бойынша  жағымды  кері  байланыстар  берілді. 

ІІІ тоқсанның  ішінде топ  мүшелері Алматы  облысы  жетекші мектептердің облыстық семинарына қатысты. Қарасаз ауылындағы облыстық семинарға А.Кокимбаева, А.Ұнасбаева, А.Сарсенбаева, А.Шыңғысовтар қатысып келді.

Қапшағай  қаласындағы Алматы  облысы  жетекші мектептердің облыстық семинарына І.Қуанышбекқызы мен Қ.Алимбаевалар қатысты. Аталған семинардан  топ  мүшелерінің  алары көп болды. Семинар барысында  кіріктірілген  сабақтар  өткізіліп, тәрбие  бағытында  сыныптан  тыс  шаралар  көрсетілді. Мектептегі бақылау-басшылық жұмыстарын  тиімді  жүргізу  туралы әдістемелік  тәжірибе  алаңы  болды. 


Мектептегі  пәндер  бірлестіктері өздеріне  берілген “Lesson  study” зерттеу  сабағы бойынша  өз есептерін берді. Олар  Бастауыш, Тілдер бірлестіктері  болды. Бұл зерттеу  әдісінің  оқу  процесіндегі  тиімді  жақтары көп екендігі ортақ ой болды. 














Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Олқылықтармен жұмыс

Автор: admin от 28-06-2022, 15:50, посмотрело: 420

0

2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша жұмыс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Сондықтан білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шараларды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізілді.

Әр пән иелері сыныптардағы оқушылардың білімінде кеткен олқылықтарды анықтау барысында тест, бақылау жұмыстарын алып, талдай отырып, олқылықтарды анықтап, жоспар құрып, қосымша сабақтар ұйымдастыра отырып және сабақ кезінде тақырыптар бойынша қосымша тапсырмалар орындай отырып жыл бойы жұмыс атқарды. 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Халықаралық зерттеуге дайындау туралы

Автор: admin от 28-06-2022, 15:29, посмотрело: 200

0

Халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындау мақсатында жоспар жасалып, жұмыстар ұйымдастырылды. 

PIRLS зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Зерттеу бес жылда бір рет өткізіледі.\қазіргі уақытта 2001, 2006, 2011, 2016 жылдар\. Тапсырмаларәрбір оқушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған тапсырмалар, Бірінші : көркем әдеби мәтін әдетте қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші ақпараттық \көбіне жануарлар жайлы әңгімелер\. Әрбір мәтінге шамамен 12-15 тапсырма беріледді. Оқушыларды тапсырмаларды орындауға 80 минут \екі рет 40 минуттан\\Әдеби оқу тәжірибесін игеру,Ақпаратты меңгеру және қолдану\

PIRLS - бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалаумақсатында оқушыларды дайындау  2 - 4сынып мұғалімдері Кабдолдина Г, Қашқымбаева Г, Байдулатова Ә, Өрісбай Ш, Салимжанова С, Ажимбекова Р.

Pisaхалықаралық зерттеулерінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдарындағы танымдық және эмоциональдық қабілеттері зерттеледі.  - 8, 9 сынып оқушыларының математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалау мақсатында оқушыларды дайындау осы аталған пән мұғалімдеріне Ұнасбаева А, Айтбаева А, Сағымбекова Г, Әбішова М, Асыранкулова Г, Дикамбаева Б, Устенбаев Е, Қыдырғожаева А, Сарсембаева А міндеттелінсін.

TIMSSматематика және жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу. 

TIMSS - 4 сынып, 8 сыныпоқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша оқушыларды дайындау Салимжанова С, Ажимбекова Р, Ұнасбаева А, Сарсенбаева А,Асыранкулова Г, Диханбаева Б, Әбішова М міндеттелінсін.

“TIMSS, PISA, PIRLS” халықаралық зерттеуге дайындаудың жұмыс жоспары

Жұмыстың мазмұны

Уақыты 

Жауапты 


“TIMSS, PISA, PIRLS” халықаралық зерттеуі туралы пән мұғалімдерін, сынып оқушыларын, сынып жетекшілерін таныстыру

Қараша 

Құрмантаева Ә


Сыныптар тізімін, электронды пошталарын алу

Қараша 

Құрмантаева Ә

Сынып жетекшілер


Ата-аналармен жиналыс өткізу, түсіндіру

Желтоқсан 

Сынып жетекшілер


PIRLS - бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалаумақсатында оқушыларды дайындаудың жоспарын жасау, бекіттіру, 2 - 4сынып 

Желтоқсан 

Кабдолдина Г, Қашқымбаева Г, Байдулатова Ә, Өрісбай Ш, Салимжанова С, Ажимбекова Р


Pisa - 8, 9 сынып оқушыларының математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалау мақсатында оқушыларды дайындаудың жоспарын жасау, бекіттіру. 

Желтоқсан

Бейсенова Г Қуанышбекқызы І Айтбаева А, Сағымбекова Г, Әбішова М, Асыранкулова Г, Дикамбаева Б, Устенбаев Е, Қыдырғожаева А, Сарсембаева А


TIMSS - 4 сынып,8 сыныпоқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша оқушыларды дайындаудың жоспарын жасау, бекіттіру. 

Желтоқсан

Салимжанова С, Ажимбекова Р, Сарсенбаева А, Асыранкулова Г, Диханбаева Б, Әбішова М Мергенбаева Т

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine