Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Көркем- эстетика бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 11:06, посмотрело: 887

0 Оқу жылының басында көркем еңбек пәні бойынша 9 мұғалім жұмыс істейді. Олар Әшкеева Ж, Қарасартова А  көркем еңбек  пәні, дене шынықтыру пәнінен Дүкенбаев Е, Нұрғожаев Н, Нарынбаев А, Джайынбаев Е, Ақанбай Т, Тәліп Т, Төребек С, АӘД пәні  бойынша Жамалбек Б мұғалімдер сабақ береді.   Жұмыс жоспары жасалып, бекітілді және бірлестік отырысында таныстырылып, талданды.
Барлық сабақтар күнтізбелік жоспар бойынша өтіліп отырады. Өзара сабаққа қатысуда, мұғалімдер сабаққа қатысып, тәжірбие алмасып отырады. ҚР   білім және ғылым министрлігінің 03.04.2015ж №115 бұйрығы бойынша күнтізбелік жоспары  жасалды, журналы мен күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді. 
Сыныптарда  аптасына   1сағаттан  болатын  болған соң   қорытынды шығарылмайды,тест  сапа көрсеткіш 90%   үлгерім 100% .
 Пәнге арналған электрондық  оқулықтардың көмегі зор болды. Оқушылар әлеуметтік желіден қарап өздерінің шығармашылық сауаттарын жетілдіріп отырады. 
Технология кабинетіндегі іс-құжаттардың папкасы және номенклатурасы Р-1, Білім стандарты және нормативтік құжаттар папкасы Р-2, Қауіпсіздік ережесі Р-3 папкалары жасалынып қойылды. 2-тоқсанда аптасына 1 сағаттан  жалпы 7 сағаттық сабақ өтіледі. Мектеп директорының бұйрығымен бекітілген 5-9 сыныптар арасында тест алынды. Тестінің қорытындысы бойынша 92%, оқушы саны -308, қатысқаны-308   сапа -92%-үлгерім-100% болды.
9-19 желтоқсан  «Дені саудың   жаны сау, еңбек түбі  жеңбек»  атты    апталық   өтті.  Апталық  бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің көркем эстетикалық әдістеме білестігінің мұғалімдері түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.
         Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын ҚР-ң әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған көркем - эстетика   әдістеме   бірлестігінің жетекшісі Ж Әшкеева  мен дене шынықтыру  пәнінің   мұғалімі Джаимбаев Е  т.б  денешынықтыру   мұғалімдері   және алғашқы әскери және технология  дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Жамалбек Б  ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта көркем эстетика бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. 
Нарынбаев А. дене шынықтыру пәні бойынша «Волейбол» тақырыбы бойынша  10 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды.  Оқушылар осы ойынға белсенді қатысты. Сабақта біршама кемшіліктер орын алды. Мектеп әкімшілігі тарапынан сын-ескертпелер айтылды.Дукенбаев Е.дене шынықтыру пәні бойынша «Ұлттық ойындар» тақырыбында  3«ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.Ақанбай Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімі пайдаланды. Топтық, жұптық   жұмыстар жасалынып, оқушылар да дұрыс жұмыс жасады. Джаимбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.   Сабақ талапқа сай жоспарланған. Сабақта мұғалім  көрнекілі құралдар  пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Нұрғожаев Н. дене шынықтыру пәні бойынша «Қозғалыс ойындары» тақырыбында 9 «ә» сыныппен ашық сабақ   өтті. Сабақ жақсы деңгейде өтті.    Сабақ талапқа сай жоспарланған.Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін  білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Жамалбек Б. алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында 10 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті.  Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында 8 «ә» сыныппен ашық сабақ өтті.  Қарасартова А. көркем еңбек пәні бойынша «Табиғи материалдардан жасалатын бұйым нобайын орындау» тақырыбында 6 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Ашкеева Ж. көркем еңбек пәні бойынша «Батикті  мата бетіне өрнек түсіру» тақырыбында 7 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі-түсті көрнекіліктерді пайдаланды.Моноблокты да пайдаланып, сабақты жақсы жоспарлаған,оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы болды.   Дукенбаев Е. дене шынықтыру пәні бойынша «Тоғыз құмалақтан» сыныптан тыс жұмысы өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
  Тәліп Т. дене шынықтыру пәні бойынша «Футболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылармен дайындық өткізді.
Нұрғожаев Н. Дене шынықтыру пәні бойынша «Баскетболдан» сыныптан тыс жұмыс өткізіліп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды.
             Апталық соңында 5-9 сыныптар әр түрлі тақырыпта шығармашылық жұмыстарға байланысты көрме ұйымдастырды. Мұғалімдер барлық іс-шараға белсене қатысты.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Жаратылыстану пән бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:54, посмотрело: 384

0 Жаратылыстан пән бірлестігінің апталық  кезінде өтілген сабақтардан

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Жаратылыстану пән бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:52, посмотрело: 410

0

 «Жаратылыстану» пән бірлестігіне математика, физика, информатика, биология, химия және география пәндері кіреді, бірлестікте  14 мұғалім жұмыс жасайды. 

 2019-2020 оқу жылында  5-10 сынып пәндерінің бағдарламасы жаңартылған білім беру жүйесі  бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы  №545 бұйрығы негізінде жасалынған. 


(«Жаратылыстану» пән бірлестігінің ашылуы мен жабылуы.)

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Тілдер бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:49, посмотрело: 494

0

Тілдер бірлестігі үш пәннен тұрады. Қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі және ағылшын тілі пәндер бірлестігінен  құралған. Барлығы  8 мұғалім жұмыс жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 мұғалім сабақ береді, Нұрғалиева Салтанат, Ахметова Меруерт, Ибрайымова Айгерім, Бейсенова Гулдана, Дадаева Күнсұлу. ағылшын тілі пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. Олар: Жұмабаева Равия,Құсайынова Гүлнұр, Оразалы Назбану.

 ІІ тоқсандағы директорлық тестен  қазақ тілі   сапа -65%  қазақ әдебиетіде сапа -68%   ,ал ағылшын тілі сапа -42%,ал орыс тілі мен әдебиеті қазақ тілі  сапа- 45%   көрсетті.

18-28 қыркүйек  аралығында «Тіл достықпен келісімнің тірегі» атты тілдер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық барысында  қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша үлгілі ашық сабақтармен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

 Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ахметова 11 «а» сыныбымен М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» тақырыбында, 10 «а» сыныбында «Мағсұт» тақырыбы бойынша А.Ибрайымова, С.Нұрғалиева 5 «а» сыныбында «Қыз Жібек қосалқы кейіпкерлер портреті» тақырыбында үлгілі ашық сабақтар берді. Г.Бейсенова «Абай дана, Абай дара қазақта» атты 6-7 сынып оқушыларының арасында жарыс сабақ өткізді.Жас маман Дадаева Күнсұлу «Өлең сөздің патшасы» атты сыныптан тыс сабақ берді.

            Журналдар күнделікті толтырылып отырылады. Жиынтық және тоқсандық бағалаулар уақытылы алынып , тексеріліп отырады.Дәптерлері қапталып,тұрақты түрде текеріліп отырады. Оқушылармен ағылшын тілі кабинетінде интернет желісі көмегімен оқушылар видеороликтер көріп, тыңдалым тапсырмаларын орындайды.

      І тоқсанда Жұмабаева Равия Сатбаевна мектепішілік ағылшын тілі пәні олимпиадасынан, «Дарын» ғылыми жоба жарысынан, оқушысы Ілік Ұлпан  2-орын алды.

Алдағы уақытта пән мұғалімдеріне оқушыларға   тілді тереңірек меңгерту мақсатында ізденіс жұмыстарын жүргізіп, өзіндік білімдерін көтеру міндеттелінеді.      

Орыс тілі пәні бойынша тілдер апталығында 9 «а» сыныбында «Времен связующая нить» тақырыбында А.Демежанова, 7 «а» сыныбында «Типы речи» тақырыбында А.Бекмуханбетова үлгілі ашық сабақтар өткізді.

 Мектепшілік олимпиадаға орыс тілі пәнінен 11 «а» сыныбынан Сабырбек Ұ,  9  «а» сыныбынан Ханет А, Ердосұлы Ә, Көшкінбай А, 8 «а» сыныбынан Сейітқұл Д қатысып Ханет А және Сабырбек Ұ аудандық олимпиадаға жолдама алды. Пән мұғалімі Демежанова А.

 11 қаңтар тілдер бірлестігінің ұстаздары әдістемелік кеңесте «Оқытудағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында шебер сабақтар өткізді.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:47, посмотрело: 420

0

Үркінбай А ұйымдастыруымен «Күз аруы» байқауы өтті. Байқау барысында жұптар бойынша әртүрлі кезеңдерден өтіп, өздерін сынады. Байқау бойынша қатысқан жұптар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Күз аруы» оқушыларға қызықты өтіп, қуантты. 

         Онкүндікті қорытындылау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының өнерлерімен және өткен іс- шара бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып « Өнерлі бала сүйкімді» атты қорытынды кешке ұсынылды. Найманақын С жастар арасында «Өнерпаз   болсаң, арқалаң» тележобасының түсіріліміне белсенділік танытқаны үшін және  талантты жастарды қолдап, жарыққа шығаруға  ат салысқаны үшін  аудандық білім бөлімінің  Алғыс хатын алды. 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:46, посмотрело: 417

0

 1«а» сыныбында «Нн дыбысы мен әрпі» атты тақырыпта Байдулатова Ә ашық сабағы болды. Сабақ барысында оқушылар Н н дыбысының айтылуы және жазылуы, сөздің басында,ортасында, соңында кездесетінін білді. Әріптерден АНА, НАН сөздерін құрастырып, жаза білді. Қосымша тапсырмалар беріліп, оқушылар атсалысып отырды.

4 «ә» сыныбы бойынша жаратылыстану пәнінен Кашкымбаева Г ашық сабағы болды. Тақырыбы: «Неліктен әр жануардың қорегі әр-түрлі болады». Ашық сабақ бойынша оқушылар жануарлардың қоректері туралы танысып, топтық жұмыс жасай білді. 

      Мектепішілік «Зерде» КҒА ғылыми жобасы жарысы өтті. Онда 4 «а» сыныбынан Сапарғали А.   «Алоэ өсімдігі» туралы айтып, оны медицинада қалай қолданылатынын айтып өтті. Жетекшісі Кабдолдина Гүлназ. 4 «ә» сыныбынан Алимкадир С «Ас бұршағы». Оқушы өзінің ас бұршақты қалай күткені жайында және қалай пайдалану керектігі туралы айтып берді. Касымжанқызы А тақырыбы: «Адыраспан». Оқушы Адыраспанды қалай алу керектігін,оған амандасу түрлерін айтып түсіндірді. Жетекшісі Кашкымбаева Г.   3 «а» сыныбынан Болат А қатысып, тақырыбы: «Алма жемісі» туралы айтты. Онда алма жемісінің қай жерлерде өсетіні және қалай күтім жасау керектігін айтты.   Жетекшісі Тойлыбаева Маратгүл. 3 «а» Оспан Д «Атбегі» атты тақырыбында қорғап айтты. Онда атбегілікті қалай жүргізу керектігін, жылқыларды қалай күтіп баптау керектігін қорғады. Қорғау барысында өзінің жылқысын баптау ережелерімен таныстырды. Жетекшісі Байдулатова Ә. 2 «а» сыныбынан Мұратұлы Д «Күріштің емдік қасиеті» атты тақырыбында күріш туралы мәлімет бере отырып, онымен адамдарды қалай емдеу керектігін және емдеу шараларын айтып өтті. Жетекшісі Салимжанова С. Жоба барысында І орынды 4 «ә» сынып оқушысы Алимкадир С мен 4 «а» сынып оқушысы Болат А, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы Қасымжанқызы А мен 3 «а» сынып оқушысы Оспан Д, ІІІ орынды 4 «а» сынып оқушысы Сапарғали А және  2 «а» сынып оқушысы Мұратұлы Д алып марапатқа ие болды. Бұл оқушылар аудан көлемінде болатын «Зерде» КҒА –на жолдама алды. 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:43, посмотрело: 424

0

Дүниетану пәнінен 2 «а» сыныбынан «Адам еңбегі» тақырыбында Үркінбай Айсұлудың ашық сабағы болды. Оқушылар сабаққа белсене атсалысып отырды. Сабақта «Лүпіл», «Таза тақта» әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, өткізді. Қатысушылар сабаққа байланысты ұсыныстарды айтып, сабақты қорытындылады.

  Мектепішілік пәндік олимпиада болып, оған бастауыш сынып оқушыларынан 3,4 сыныптар қатысты. Математика пәнінен І орынды 3 «а» сынып Д.Ерболұлы , 3 «ә» Жұмажан М, ІІ орынды3 «ә» Бағашар О, 4 «а»  сыныбынан І орынды Әмір Е, 4 «ә» Ауғанбай А, 4 «ә» Кәдірбек М. ІІ орын 4 «а» Сапарғали А, қазақ тілі пәнінен 4 а оқушысы І орын Алғазы З, Тоеке Ұ, 4 ә сыныптан І орын Мұсахан А ІІ Сыдық Б 3а сыныптан Иманберген Ж, 3 а Әліқұл А.

Жаратылыстану пәнінен 3 «ә» сыныбының «Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы» атты тақырыпта Найманақын С ашық сабағы өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдіс -тәсілдер қолдана білді. Онда сабаққа қатысушылар сабақ барысы бойынша ұсыныстар айтып, тәжірибесін молайтуды ескертті. Дәл осы күні «Толағай» ата- аналардың қатысуымен спорттық эстафета болды. Жауапты  Кашкымбаева Г. Эстафета барысында ата-аналары және баласы қатысып, ойын арасында қызықты да тартымды өтті. І орынды 4 «ә» сыныбынан Құрманбаева Дариға, ІІ орынды 4 «а» ата-ана Байбала Нұрым, 2 «ә» сыныбынан ата-ана Аусыдық Мөлдір алып, марапатталды. 

 1 «а» сынып жетекшісі Байдулатова Ә «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік!» атты сыныптан тыс жұмысы болды. Онда жол тәртібі мен жол ережесі жайлы айтылды. Оқушылар жолда жүру қауіпсіздігі туралы біліп, білімдерін кеңейтті. Оқушылар сыныптан тыс жұмысқа белсене атсалысып, жол ережелерін және жол белгілерін танып білді. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Автор: admin от 16-03-2020, 10:39, посмотрело: 451

0

Бастауыш бірлестігі өздеріне тиесілі сабақтарын өтіп келеді. Жоспарға сәйкес бірлестік отырысы өтіп, онда әдістемелік нұсқау хатты талқылап қазақ тілі, әдебиеттік оқу  және математика пәндерінің дәптерлерінің қолданылуы туралы айтылды. Биылғы жылға қазақ тілі пәнінен  сөздік диктант және көшіру диктанты қосылғанындығын да ескеріліп, жоспарға қосылды. 

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанабатырова.Г.Ж

Автор: admin от 16-03-2020, 10:34, посмотрело: 371

0 "№3 Кеген орта мектеп - лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанабатырова.Г.Ж

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine