Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері"

Автор: admin от 15-02-2024, 21:30, посмотрело: 28

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде оқу- тәрбие жоспарына сәйкес "Сабақтарда табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері" деген тақырыппен әдістемелік орынбасар Г.Жанабатырова әдістемелік кеңес өткізді.Кеңесте " Бейнесабақты қалай құруға болады?", оқу мақсатынан сабақ мақсатының шығуы, оқу сауаттылығын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер бойынша шығармашылық топ мүшелері Т.Мергенбаева, А.Сарсенбаева,Ә.Байдулатова, Қ.Әлімбаева,Б.Дикамбаева, С.Салимжановалар жұмыстарын көрсетсе, инклюзивті оқытуда оқушылармен жүргізетін жұмыстары бойынша логопед, дефектолог, педагог -ассисенттер Г.Айтақынова, А.Сутеева, А.Бахарбектер өз ойларымен бөлісті.

Категория: Жаңалық, Мұғалімдер шығармашылығы,

 

"Ата- аналарды қолдау" сабақтары

Автор: admin от 12-02-2024, 21:52, посмотрело: 30

0 "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп —лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ата- аналарды қолдау" сабақтары өткізілді. Мектеп-психологтары М.Омарова мен М.Әбішова "Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу- өзін көрсетудің  кілті" тақырыбында психологиялық сабақ өткізді. Мақсаты: Ата- аналарға темперамент туралы түсінік беру және өз темпераментіне қарай баланы дамытуға үйрету. 1-4 сынып ата- аналарының арасында " Әр  баланың ерекшелігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті" тақырыбында баяндама оқылды. 5-8 сынып ата- аналарының арасында "Мүшел жас.Жасөспірімнің жастық дағдарыстарды, олардың көріністерінен шығу жолдары" туралы ата- аналарға баяндама оқып ойын- жаттығуларын жүргізді . 9-11 сынып ата-аналары "Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады?"; "Бойыңдағы бейімділікті дәл табу- өмірдегі бақыт пен табыстың негізі" тақырыптарында  тренингтер өткізіп,ата- аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Категория: Жаңалық, ,

 

"Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық жәрмеңкесі

Автор: admin от 12-02-2024, 21:41, посмотрело: 15

0 " Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен Түменбай бастауыш мектебімен "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023- 2024 оқу жылында 8-9 ақпан күндері "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Мақсаты:Мейірімділік ұғымдарын кеңейту, оқушыларға бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауды қолға алу.
Әлеуметтік педагог Ж.Нұрдаулет

Категория: Жаңалық, ,

 

5-8,10 сыныптарға аралық аттестаттауға байланысты оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдилбаева және қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жиналыс болып өтті.

Автор: admin от 6-02-2024, 22:01, посмотрело: 11

0 "К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп —лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023—2024 оқу жылының 6 ақпан күні 5-8,10 сыныптарға аралық аттестаттауға байланысты оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдилбаева және қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жиналыс болып өтті.
Жиналыста аралық аттестаттаудың өту құрылымымен таныстырып,талдау жұмыстары жасалды.

Категория: Жаңалық,

 

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Автор: admin от 1-02-2024, 21:45, посмотрело: 12

0  БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

? Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

?‍? Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен  тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді. 

? Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

? Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі  тамыздың 25-і  аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында  оқуын кедергісіз жалғастыра алады.

Категория: Жаңалық

 

Хабарландыру!!

Автор: admin от 22-01-2024, 15:35, посмотрело: 14

0
    • «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша мемлекеттік мекемесінің «Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылына бос лауазымға қажетті педагогтерге конкурс жариялайды.
      Бос лауазымға қажетті педагогтер:
      • Орыс тілі пәні мұғалімі -1(орын)
      • Ағылшын тілі пәні мұғалімі -1 (орын уақытша)
       Жүктемесі 1,0 мөлшер, қызметтік төлем еңбек өтілімі мен санатына байланысты.
      • Мекен-жайы:Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы №13
      • Қабылдау бөлімінің телефон: 87277721796, 87028194317
      • Электрондық почта : kegen3_oml@mail.ru
      Құжаттарды қабылдау мерзімі 22.01.2024ж
       Конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7(жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

       Конкурс Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы
      К.Нұрпейісұлы мектеп-лицей базасы бойынша өтеді.

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (3-тарау, 1-Параграф, 118-тармақшасынан) ала аласыздар.

       Конкурстың өткізу мерзімі:31.01.2024жыл

       Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

       Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
       Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру «Еnbеk.kz» және мектебіміздің ресми сайтына жарияланды.



Категория:

 

«Сыбайлас жемқорлыққа» байланысты жүргізілген жұмыстарды ата-аналар мен ұстаздарға таныстырды.

Автор: admin от 21-12-2023, 22:08, посмотрело: 12

0 Алматы облысы Білім басқармасының "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жазира Еділқызы 2023 жылда атқарылған жұмыстардың есебін берді. Баяндама барысында оқу-тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып және «Сыбайлас жемқорлыққа» байланысты жүргізілген жұмыстарды ата-аналар мен ұстаздарға таныстырды. 

Категория: Жаңалық, ,

 

"Ұлағат" шығармашылық топ

Автор: admin от 13-11-2023, 13:27, посмотрело: 48

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде "Ұлағат" шығармашылық топ жетекшісі І.Қуанышбекқызы жас мамандармен "Қысқа мерзімді жоспарды құрылымдауда тиімді әдіс- тәсілдерді таңдау және кері байланыс беру мен бағалаудың маңыздылығы" деген тақырыпта оқыту семинарын өткізді.

Категория: Жаңалық, Мұғалімдер шығармашылығы

 

"Оқуға құштар мектеп"

Автор: admin от 2-11-2023, 13:04, посмотрело: 71

0 "К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп—лицей мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023—2024оқу жылында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру  мақсатында  күзгі каникул кезінде" Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқып шарықтаймыз" атты 6—8 сыныптар арасында  іс—шара  ұйымдастырылды. Оқушылар кітапханаға келіп, өздері оқыған  кітаптарын ортаға салды. Атап айтсам 7—сынып оқушылары Фазилджан Ерасыл "Айналайын Атамекен ақ мекен"  кітабынан түсінгенін ортаға салса, Шаяхмет Алинұр "Сен білесің бе? " атты энциклопедиясына тоқталып қазақ халқының  тарихына шолу жасады.   Сынып жетекшісі: Алимбаева Қамар Кітапханашы: Қайыңбаева Гулнар
 

Категория: Жаңалық, Мұғалімдер шығармашылығы,

 

"Нашақорлықтың алдын алу жолдары және ЖИТС" тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу

Автор: admin от 24-10-2023, 12:24, посмотрело: 35

0 "Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеген аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Рахимова Фариза Сериковна, психолог Джаныбекова Сара Сейсенбековна "Нашақорлықтың алдын алу жолдары және ЖИТС" тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. 

Категория: Жаңалық,

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine