Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Сыйынар ем ана деген тәңірге"

Автор: admin от 5-05-2023, 15:57, посмотрело: 76

0 "Сыйынар ем ана деген тәңірге"атты тақырыбында 9-11сыныптар арасында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке,сый құрметке тәрбиелеу.
 

Категория:

 

"Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау"

Автор: admin от 10-03-2023, 12:49, посмотрело: 115

0
«Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицид және буллингтерді болдырмау мақсатында Кеген ауданы прокурорының орынбасары  Алтынбеков Рауан Серікқалиұлымен, С. Серкебаев мектеп – гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абжанбаев Қызыр Байболаұлы, спорт әдіскері  Қолқанбаев Досым, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп – лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дикамбаева Базаркул Ажмукановна және мектеп –лицей психологы Мөлдір Омаровамен  9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың  құқықтық білімдерін  артыра отырып  заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырылды. Тақырыпқа сай оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау болды. Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері жастарды қылмысқа итермелейтін жайттарға жекелей тоқталып,  видио көрсетіліп  және психологиялық тренинг жүргізілді. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағұлмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы..







Категория: , ,

 

"Пәннің ерекшелігіне байланысты тілдік дағдыларды тиімді пайдалану жолдары"

Автор: admin от 2-03-2023, 11:55, посмотрело: 148

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп - лицейінде Кеген аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Толымбекова және мектептің әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Г.Жаңабатыровалардың басшылығымен "Пәннің ерекшелігіне байланысты тілдік дағдыларды тиімді пайдалану жолдары" тақырыбында магниттік мектептер бас қосқан аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Бестөбе, Талды және Ө.Жаңабаев мектебінің ұстаздары қатысты... Бағдарламаға сәйкес мектептің "Ұлағат" мұғалімдердің шығармашылық бірлестігінің ұстаздары мектеп файесінде семинардың ашылуын жасап,  4 ашық сабақ пен коучинг- сабақ өткізді. 4 ашық сабақ әр түрлі пәннен бастауыш сынып мұғалімі С.Салимжанова 1- сыныппен, қазақ әдебиетінен Қ. Алимбаева 6- сыныппен, математика пәнінен А.Муслимова 5-сыныппен және химия пәнінен Т.Мергенбаева 9-сыныппен ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтар өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Мұғалімдермен семинар тақырыбы бойынша І.Қуанышбекқызы коучинг- сабақ өткізді. Аталған шараға қатысқан әріптестер өте жақсы кері байланыстар берді.






Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы,

 

«Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық»

Автор: admin от 1-03-2023, 15:25, посмотрело: 108

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп –лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Бір ұлт,бір мақсат,бір құндылық» атты кеш өткізілді. Мерекенің басты мақсатының бірі: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз екендігін дәріптей отырып бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болды. Кеш қонақтары аудандық аналар кеңесінің төрайымы Көнеева Бақыткүл Демежанқызы, Кеген селолық округінің аналар кеңесінің төрайымы Сатаева Ғалия Шаймшиденқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Умирсейтова Роза Ахметқызы қатысып өз баяндамаларымен таныстырып мектеп ұжымы мен оқушыларға және ата – аналарға алғыстарын білдірді. Мектеп – лицей директоры Жазира Еділқызы құттықтау сөз сөйлей отырып, «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» атты мектеп-лицей оқушылары арасында өткізілген эссе байқауының жеңімпазы Ыдырысқызы Айшаны марапаттады.  



Категория: , ,

 

"Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы"

Автор: admin от 24-02-2023, 15:36, посмотрело: 150

0 Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде 24 ақппан күні "Қызғалдақ" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 7-11 сынып қыздар арасында "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында дөңгелек стол болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Шараның сыйлы қонағы Кеген ауылының аналар кеңесінің төрайымы Сатаева Ғалия апаймен сұхбат және кеңестер  беріліп,қыздар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.Жетекшісі: Алимбаева Қамар





Категория: , ,

 

Бастауыш сыныптар және мектепалды даярлық бірлестіктерінің 2021-2022 жылдар аралығындағы жоспары

Автор: admin от 15-02-2023, 22:01, посмотрело: 288

0     «Бітіп жатқан бұлақтың көзін ашқан,бар білім бастауыштан қалыптасқан» атты бастауыш сыныптар бірлестігінің және «Ойын арқылы мектеп жасына дейінгібалалардың тілін дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу» тақырыптары аясында мектепалды даярлық топтарының 24.01-31.01 аралығындағы апталық жоспары
Мақсаты:
  1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында оқушылардың ойлау дағдыларын, танымдық белсенділігін ескере отырып,оқушының жеке- даралық қабілеттерін арттыру.
  2. Мектепалды даярлық балаларының ойын арқылы тілін дамыту және дені сау, тілі жетік ұрпақты тәрбиелеу.

Категория: , Мұғалімдер шығармашылығы

 
 

09.02.2023 күні К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде «Инновациялық аялдама» жобасы аясында мектебімізде «Сабақты зерттеу кәсіби дамудың жарқын жолы» атты Кеген аймағы бойынша семинар өтті.

Автор: admin от 9-02-2023, 13:44, посмотрело: 113

0

09.02.2023 күні К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде «Инновациялық аялдама» жобасы аясында мектебімізде «Сабақты зерттеу кәсіби дамудың жарқын жолы» атты Кеген аймағы бойынша семинар өтті.

Мақсаты: Сабақты зерттеу (Lesson study) әдісі арқылы білім алушылардың негізгі пәндер бойынша білім деңгейін көтеу және мұғалімдердің оқыту әдістемесін жетілдіру .

Семинарға мектеп директорлар мен оқу ісі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Семинар жоғарғы деңгейді өтті.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы,

 

Мұқағали Мақатаев шығармашылығы

Автор: admin от 9-02-2023, 11:12, посмотрело: 47

0

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген
Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі




[media=https://www.youtube.com/watch?v=zhYvWJ6t]

Категория:

 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine